24.08.2011, 10:25 3203

Ақмола облысында нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп күтілуде

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Астана мен Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланған.

Алматы. 24-тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысында нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Астана мен Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланған.

Ауа райын болжаушылардың мәліметтеріне сүйенсек, 24 тамыз күні Ақмола облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауып, оңтүстік-батыстан солтүсік батысқа қарай ауысқан жел секундына 18-23 метр жылдамдыққа жетеді.

Астанада да оңтүстік батыстан солтүсік батысқа қарай ауысқан жел секундына 15-20 метр жылдамдыққа жетеді деп болжанған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны