03.10.2017, 16:45 4301

Ақмола облысында оқушылардыӊ инновациялық дамуына үлес қосқан ұстаздар алғаш рет ақшалай сертификатпен марапатталды

Биыл бiрiншi рет облыста оқушылардыӊ инновациялық дамуына үлес қосқан мұғалiмдер ақшалай сертификатқа ие болды. Осы күнi облыс әкiмi қолынан 11 ұстаз әрқайсысы 100 мыӊ теӊгенi құрайтын сертификаттарды алды.

Көкшетау. 3 қазан. Kazakhstan Today - Көкшетауда Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ қатысуымен ұстаздар мерекесiне арналған салтанатты жиын болып, оған 400 ден астам ұстаз қатысты.

Саланатты шарада аймақ басшысы өӊiр ұстаздардын кәсiби меркесiмен құттықтады.

"Бiздiӊ облысымызда 22 мыӊнан астам мұғалiм еӊбек етедi. Олардыӊ барлығы ел болшаған тәрбиелеп жатқан кәсiби мамандар", - деп атап өттi М. Мырзалин.

Сондай-ақ облыс әкiмi "ұстаздар күнi" мерекесi ерекше күн екенiн айтты. "Мен жылда бұл мерекенi еӊ бiрiншi менiӊ өмiрiмде бiлiм нәрiмен сусындатқан ұстаздарды төл мерекесiмен құттықаудан бастаймын, биыл да бұл үрдiстен жаӊылмай, ұстаздарымды құттықтадым",-дедi ол. Бұған қоса, аймақ басшысы облыс әкiмдiгi өӊiрде орын алған, кадрлық мәселелердi шешу мақсатында биылғы жылдан бастап педагогикалық мамандықтар бойынша ЖОО-ларға 100 бiлiм гранты бөлiнгенiн де айтты.

Салтанатты шара барысында, облыс әкiмi аймақтағы бiлiм саласыныӊ дамуына үлес қосқан ұстаздарға ведомствалық наградалар, алғыс хаттар табыстады.

Биыл бiрiншi рет облыста оқушылардыӊ инновациялық дамуына үлес қосқан мұғалiмдер ақшалай сертификатқа ие болды. Осы күнi облыс әкiмi қолынан 11 ұстаз әрқайсысы 100 мыӊ теӊгенi құрайтын сертификаттарды алды.

Мерекелiк iс-шара концерттiк бағдарламамен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны