15.06.2015, 13:32 4217

Ақмола облысында он адам жол апатынан зардап шекті

Ақмола облысында "Астана-Петропавл" автожолында жол-көлік оқиғасы орын алып, 10 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Астана. 15 Маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысында "Астана-Петропавл" автожолында жол-көлік оқиғасы орын алып, 10 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Астана-Петропавл" автожолыныӊ 247 шақырымында, Щучье қаласынан 1 шақырым жерде "Щучье-Зеренді" жол айрығында "SsangYong" автокөлігініӊ 50 жастағы жүргізушісі, Көкшетау қаласыныӊ тұрғыны, Астанаға келе жатқан жерінен көлік басқаруын жоғалтып, көлік аударылып кеткен", - деп хабарлады Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметініӊ жетекшісі Гүлнара Пинчук, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

ЖКО салдарынан Бурабай орталық аудандық ауруханасына 10 адам түрлі жарақатпен жеткізілді, оныӊ ішінде 4 адам көмелет жасына келмеген балалар.

"Олардыӊ үшеуі - Өзбекстан азаматтары", - деп нақтылады Пинчук.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны