24.04.2018, 14:15 4369

Ақмола облысында орта білімніӊ сыртқы бағалауын өткізді

Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудыӊ мақсаты: білім беру қызметтерініӊ сапасын бағалау және білім алушылардыӊ мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда көзделген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімніӊ жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жоғары білімніӊ білім беру бағдарламаларын меӊгеру деӊгейін айқындау.

Алматы. 24 сәуір. KazakhstanToday - Ақмола облысыныӊ орта білім беру мекемелерінде білім беру жетістіктерін сырттай бағалау (әрі қарай - ОЖСБ) ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ бұйрығымен бекітілген оқу орындарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалау ережелеріне сәйкес өткізілді, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудыӊ мақсаты: білім беру қызметтерініӊ сапасын бағалау және білім алушылардыӊ мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда көзделген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімніӊ жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жоғары білімніӊ білім беру бағдарламаларын меӊгеру деӊгейін айқындау.

Департамент базасында ОЖСБ қатысатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ өкілдерімен және қалалық және аудандық білім бөлімдерініӊ базаларында семинарлар өткізілді.

ОЖСБ кешенді түрде 4,9,11 сыныптар аралығында өткізілді. Жалпы тестілеу уақыты - 4 сыныпта - 70 минут, 9 сыныпта - 130, ал 11 сынып үшін - 140 минут аралығын қамтиды.

Білім берушілер оқыту тілі бойынша қазақ және орыс тілінде тестілеу өткізілді. ОЖСБ нәтижесі өткізілген күні айтылды. Ал, өткізу үрдісі бойынша бұзушылықтар байқалмады.

Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға арналған шараға 113 мектептен 5137 оқушы қатысқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны