12.04.2013, 10:47 3877

Ақмола облысында отыз шақты саяжай үйді су басты

Чаглинка өзені сағасына жақын орналасқан саяжайларды су басуына кеше таңертеңнен бастап Чаглинка су қоймасының арнасынан аққан суы себеп болған.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Көкшетау маңында "Транспортник" саяжай кооперативінің отыз үйін еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп жазады Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігі.

Чаглинка өзені сағасына жақын орналасқан саяжайларды су басуына кеше таңертеңнен бастап Чаглинка су қоймасының арнасынан аққан суы себеп болған.

Су басқан саяжайларда қазір ешкім тұрмайды.

Су қоймасында еріген қар суының қосылуынан су арнасынан асып кеткен.

Көкшетау төтенше жағдайлар қызметі тәулік бойы кезекшілік етіп, Чаглинка өзенінің жағдайын бақылауға алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны