05.02.2010, 14:48 3551

Ақмола облысында өткен жылдың аяғында салынған су құбыры екі аптадан кейін істен шықты - телеарна

Ақмола облысында өткен жылдың аяғында салынған су құбыры екі аптадан кейін істен шықты - телеарна

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Ақмола облысында өткен жылдың аяғында салынған су құбыры екі аптадан кейін істен шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Шортанды ауданының Бозайғыр кентінде бірінші су құбыры Жаңа жыл қарсаңында пайда болды. Ауылда кеңестік кезеңдегі біреудің орнына 75 колонка орнатқан. Бюджеттен бұған шамамен 300 млн теңге бөлді. Алайда, бір ай өтпен жатып адамдар тағы да судан қағылды. Бастапқыда аязға шыдас бермей сорғы жарылса, одан кейін құбырлар жарылды", - деп хабарлайды телеарна.

"Құжаттарда отандық немесе ресейлік болуға тиіс деп көрсетілгенінен қарамастан, барлық материал қытайлық болды", - дейді ауыл тұрғыны Динара Сарымбаева.

"Алайда, аудандық әкімдіктегілер нысанды қабылдаған кезде ешбір заң бұзушылық табылмаған деп сендіреді. Шенеуніктердің айтуынша, бәріне Қазақстанның солтүстігі үшін бұрын-соңды болмағандай аяз бен жергілікті слесарьлардың кәсіби біліктілігінің төмендігі кінәлі-міс", - деп хабарлайды телеарна.

"Бұл ауылда бұрын судың болмауы, кәсіби білікті мамандардың жоқтығы колонкаларға қатысты жағдайға себепкер, ал жалпы алғанда барлық жұмыстар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес атқарылған", - дейді Ақмола облысының Шортанды ауданының әкімі Саят Қамзебаев.

Телеарнаның хабарлауынша, мердігер компания шенеуніктер мен ауыл тұрғындарын су құбырын көктемде қалпына келтіреміз деп сендірген. Ал су құбырының істен шығуы бойынша жергілікті слесарьлар басқаша көзқараста.

"Ирине, қытайлық сорғы тек 25-градустық аязда ғана жұмыс істейді. Бұған қаншама миллион теңге жұмсалды, ал мердігерлер кетті", - дейді слесарь Октябрь Мұқай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны