13.07.2015, 13:33 3465

Ақмола облысында Өзбекстанныӊ екі азаматы жол апатынан қаза тапты

Ақмола облысында жол апаты болып, екі азамат оқиға орнында қаза тапты, тағы екі адам ауруханада көз жұмды

Астана. 13 Шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысында жол апаты болып, екі азамат оқиға орнында қаза тапты, тағы екі адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Апат "Астана-Ерейментау-Шідерті" тас жолыныӊ бойында болған. "Toyota Camry" жүргізушісі Өзбекстанныӊ 34 жастағы азаматы рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетеді. Көлікте жалпы 5 адам болған. Оныӊ екеуі - 1974 және 1978 жылғы азаматтар апат орнында тіл тартпай кеткен, жүргізуші мен 24 жастағы жолаушы ауруханада көз жұмды. Көлікте болған тағы бір жолаушы дін аман, қазір ол амбулаторлық ем қабылдап жатыр", - дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметініӊ өкілі Ақбота Мұқашева, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Қазір осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны