06.06.2018, 21:27 4423

Ақмола облысында "Рухани жаӊғыру" мәдени-демалыс саябағы ашылды

Ақмола облысы Целиноград ауданыныӊ орталығы Ақмол ауылында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне, Астана қаласыныӊ 20 жылдығы мен Целиноград ауданыныӊ 90 жылдығы аясында "Рухани жаӊғыру" мәдени-демалыс саябағы ашылды, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Көкшетау. 6 маусым. Kazakhstan Today -Ақмола облысы Целиноград ауданыныӊ орталығы Ақмол ауылында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне, Астана қаласыныӊ 20 жылдығы мен Целиноград ауданыныӊ 90 жылдығы аясында "Рухани жаӊғыру" мәдени-демалыс саябағы ашылды, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Саябақтыӊ ашылу салтанатына Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин қатысты. Облыс басшысы бастаған құрметті қонақтарға өӊірдіӊ жастары өз өнерлерін көрсеткен. Саябақтыӊ аумағында спортшылар асық ату, бокс пен күрестен өз өнерлерін көрсетсе, әскери патриоттық клубыныӊ жастары автоматтарды тез арада бөлшектеп жинап, ептіліктерін көрсетіп жатты. Скейтборд пен роликті игерген жастардыӊ ойынын тамашалап отырған бүлдіршіндердіӊ көзінен бұл тосын өнерге деген талпыныс, ойын құралына деген қызығушылық байқалып тұрды. Илеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан бұл балалардыӊ арманын орындау мақсатында облыс әкімі балаларға бір-бір скейтборд сыйлады.

Мерекелік шара 44813 әскери бөлімініӊ жеке құрамы мемлекетік рәміздер - Ту, Елтаӊба мен Инұранды алып шығып, ҚР Мемлекеттік Туын көтерумен жалғасын тапты. Ту көтеру құқығы аталмыш бөлімніӊ әскери мемлекеттік құқықтық дайындығыныӊ озаты, капитан Серік Шегебаевқа берілді. Ту көтеру рәсімінен соӊ, Целиноград ауданыныӊ жұртшылығын облыс әкімі М.Мырзалин құттықтап, жылы лебізін білдірді.

"Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев өз сөзінде біз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Енді мемлекеттіӊ Туы, Елтаӊбасы, Инұраны тәрізді басты қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз қажет. Біз үшін мемлекеттік рәміздер ұлттық тұтастықтыӊ кепілі. Ел іргесі берік, заманымыз тыныш болып, еліміз дами берсін. Ауданныӊ 90 жылдық мерейтойы қарсаӊында ашылған жаӊа саябақ Целиноград ауданыныӊ тұрғындарына тамаша тарту. Мәӊгілік елдіӊ туы биіктен көрінсін", - деді өӊір басшысы.

Ары қарай мерекелік шара аудандық мәдениет үйініӊ қызметкерлері ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кету керек, "Рухани жаӊғыру" мәдени-демалыс орталығы заманауи арт-элементтермен жабдықталған. Саябақ 3,5 гектар аумақты алып жатыр. Жан жағына ақ қайыӊ, жасыл шырша, алма ағашы, қарағаштыӊ көшеттері отырғызылып, көгалдандырылған. Биіктігі 18 метрді құрайтын флагшток, швед сахнасы, субұрқақ, тайқазан, қобыз, қазақ үйдіӊ макеттері саябақтыӊ ажарын аша түскен. Аудан халқы мен қонақтары серуендеп, демалатын арнайы орындықтар орнатылып, балаларға ойын алаӊы жасақталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны