21.07.2015, 20:05 3223

Ақмола облысында селолық окург әкімін өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды

Жақсы аудандық сотыныӊ мәліметінше, күдікті аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 12 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Астана. 21 Шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысында селолық окург әкімін өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы облыстық соттыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жақсы аудандық сотыныӊ мәліметінше, күдікті аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 12 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Күдікті Бағдат Бәтеновтыӊ бұрын сотты болғаны әрі түсініктеме беруден бас тартуы және өзге де жайлар оныӊ істі мерзімінде тергеуге кедергі келтіруі, тіпті тергеушілер мен соттан да қашып кетуі де мүмкін. Сондықтан сот оны екі айға қамауға алу жөнінде шешім қабылдап отыр", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, қылмыскер 14-ші шілдеде Жақсы ауданыныӊ Белағаш селолық округініӊ әкімін жұмыс орнында бірнеше жерден пышақтап кеткен болатын. Салдарынан әкім аудандық аурухананыӊ жан сақтау бөлімінде ес жимастан көз жұмды. Ал, осы оқиғаға күдікті 1978 жылғы Бағдат Бәтенов болса, кейін өз-өзіне қол салмақ болады.

Алайда, оныӊ бұл әрекеті жүзеге аспай аудандық аурухананыӊ хирургиялық бөлімшесіне жатқызылып, қасына күзет қойылады. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99 бабыныӊ 1 бөлімі бойынша (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қолға алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны