10.04.2015, 22:23 4215

Ақмола облысында су тасқынына қарсы штаб күшейтілген режимде жұмыс атқаруда

Ағымдағы жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша су тасқыны сипатындағы төтенше жағдайларды жоюға Целиноград, Атбасар, Астархан аудандарында жеке құрамнан 207 адам, 54 бірлік техника, оныӊ ішінде 15 жүзу құралы, 15 аспалы мотор мен 4 мотопомпа жұмылдырылды.

Астана. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы жедел штаб жұмысын тәулік бойы жалғастыруда. Осы штабтыӊ міндеті ТЖ департаментініӊ бастығына және жергілікті атқарушы органдарға су тасқыны бойынша жағдайды және жедел топ қабылдаған шаралар туралы уақытында және жылдам ақпараттандыру болып табылады. ТЖД бастығыныӊ орынбасары өртке қарсы қызмет подполковнигі Қанат Доспаев бастаған жұмыс тобы гидротехникалық құрылғылардыӊ тасқын суға толуына, тасқын сулардыӊ өзен арналарыныӊ бойымен өтуіне мониторинг жүргізуде. Суайдындарындағы судыӊ деӊгейі көтерілген жағдайда департаменттіӊ жедел кезекшісіне, аудан әкімдіктері мен су басуы ықтимал аймақта қалуы мүмкін халық хабарландырылады. Сонымен қатар оларға құтқару және басқа кезеккүттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін қажетті техниканыӊ, авариялық-құтқару жабдықтарыныӊ санын, құтқару командаларыныӊ жеке құрам санын анықтау міндеті жүктелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар аудандар аумағындағы су тасқыны жағдайыныӊ қолайсыз өршуіне байланысты ТЖ-ныӊ өршуіне әсер ететін факторлар туралы ақпаратты жинау және жинақтау штабтыӊ міндетіне жатады, соныӊ нәтижесінде қаралар мен аудандар әкімдіктеріне қандай аумақта қолайсыз жағдай туындауы ықтимал екені туралы ұсынымдар беріледі.

Ағымдағы жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша су тасқыны сипатындағы төтенше жағдайларды жоюға Целиноград, Атбасар, Астархан аудандарында жеке құрамнан 207 адам, 54 бірлік техника, оныӊ ішінде 15 жүзу құралы, 15 аспалы мотор мен 4 мотопомпа жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта аудандарда еріген суларды ағызып жіберу, арықтар мен арналарды тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ су тасқыныныӊ теріс салдарынан халықтыӊ қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Атбасар қаласында эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге күнніӊ жылынуы туралы болжамды есепке ала отырып, аумақтық кіші жүйеніӊ күштері мен құралдары жоғары әзірлікке келтірілді. Су тасқыны жағдайыныӊ өршуіне бақылау жүргізілуде.

Штаб Төтенше жағдайлар департаментініӊ дағдарыс орталығында орналасқан. Мұнда күн сайын су тасқынына қарсы қарсы облыстық штаб отырысы өткізіледі, онда кезекші ауысымныӊ есептері тыӊдалады. Штаб облыстағы қалалар мен аудандардыӊ АҚ және ТЖ қызметтерімен өзара байланыс орнатты. Су тасқыны кезеӊінде "қауырт желі" 26-96-06, 112 телефондары жұмыс істейді.

Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Ақмола облысы ТЖД, штаб, су тасқыны

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны