11.06.2015, 15:52 3912

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған 100 үйдіӊ құрылысы басталды - әкімдік

ҚР ІІМ Министрініӊ орынбасары Владимир Божко мен Ақмола облысыныӊ әкімі Сергей Кулагин Оразақ ауылындағы үйлердіӊ құрылысыныӊ басталу барысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігі

Астана. 11 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ Министрініӊ орынбасары Владимир Божко мен Ақмола облысыныӊ әкімі Сергей Кулагин Оразақ ауылындағы үйлердіӊ құрылысыныӊ басталу барысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мердігерлік ұжымдармен кездесу барысында өӊір басшысы құрылыс сапасы мен үйлердіӊ берілу мерзіміне баса назар аударды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Атап өту керек, көктемгі су тасқынынан Оразақ ауылында 200 тұрғын зардап шеккен болатын. Бүгінде ауылда абаттандырылған және инженерлік желілері бар 100 екі пәтерлі тұрғын үйлердіӊ құрылысы басталды. Ир үйдіӊ көлемі 83,6 шаршы метрді құрайтын болады. Бұл үйлер тегін ұсынылады, 10 сотық жер аумағы қоршалып, шаруашылық қажеттіліктер үшін сарай да салынады.

Бүгінде бұл үйлердіӊ құрылысы үшін компания сип материалдарын дайындайтын зауыт сатып алған. Зауыттыӊ өндірістік қуаттылығы сөткесіне 1,2-2 үй. Өзініӊ жұмыс сапары барысында ҚР ІІМ Министрініӊ орынбасары Владимир Божко мен Сергей Кулагин осы зауытқа да бас сұғып, кәсіпорынныӊ қызметімен танысты.

Облыс әкімі ауылды аралау барысында палаталық қалашыққа бас сұғып, тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ Владимир Божко мен Сергей Кулагин тұрғындар жиналған орта мектепте де болды. Бұл жерде өӊір басшысы зардап шеккен тұрғындардыӊ барлық сұрақтарына жауап беріп, оларды аздап шыдамдылық танытуға шақырып, ешкімніӊ шет қалмайтынын жеткізді.

Тұрғындармен кездесуі барысында құрылыс компаниясы басшылары жиналғандарды үй құрылысыныӊ барысымен және салынатын болашақ үйлерініӊ эскиздерімен таныстырды. Өз кезегінде "Іскер ТТЖ" ЖШС компаниясыныӊ басшысы Данияр Тұӊғышбаев тұрғындарға Оразақ ауылындағы үйлер тамыз айыныӊ аяғында тапсырылатын болады деп сендірді.

Одан басқа, Ағанас және Шнет ауылдарыныӊ судан зардап шеккен тұрғындары үшін Целиноград ауданыныӊ Ақмол және Қосшы ауылдарында екі 45 пәтерлі үйлер салу жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны