09.07.2018, 19:54 3603

Ақмола облысында техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерініӊ арасында "Ұстаз" XIV спартакиадасы өтті

Қорытынды бойынша, 1 орынды Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі иеленді. 2 орынды Щучье қаласындағы жоғары колледжі иемденсе, ал 3 орынға Щучье қаласындағы жоғары педагогикалық колледжініӊ оқытушылары ие болды.

Астана. 9 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Қотыркөл ауылында ауылшаруашылық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерініӊ арасында "Ұстаз" XIV спартакиадасы өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Командалар өӊірдегі 25 колледжден келген. Жалпы, қатысушылардыӊ саны 434 адамды құраған. Олар дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үшсайыс және тағы басқа спорт түрлерінен бақ сынасты.

Қорытынды бойынша, 1 орынды Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі иеленді. 2 орынды Щучье қаласындағы жоғары колледжі иемденсе, ал 3 орынға Щучье қаласындағы жоғары педагогикалық колледжініӊ оқытушылары ие болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны