15.06.2015, 13:03 3799

Ақмола облысында теміржол бойында 13 жасар мектеп оқушысын тоқ соқты

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады

Астана. 15 Маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Шортанды кентінде теміржол бойында 13 жасар мектеп оқушысын тоқ соқты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Зардап шеккен оқушы 2002 жылы туған Регина Бигаринова, Шортандыдағы №2 орта мектептіӊ оқушысы. Денесініӊ 82 пайызын күйік шалған қызды теміржол жұмысшысы А.Шустов маусымныӊ 13-күні кешкі сағат 21:30 минут шамасында көріп қалған. Теміржолшыныӊ шақыртуымен келген жедел жәрдем қызметі зардап шеккен қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Шортанды аудандық ауруханасына алып кетті", - деп көрсетілген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны