16.10.2017, 13:12 4449

Ақмола облысында "Tengri Bank" АҚ филиалы ашылды

Қазірдіӊ өзінде банк облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мақсатында шағын және орта бизнес саласында қолға алынған жобалар бойынша 5 млрд теӊге инвестиция салып отыр.

Көкшетау. 16 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысы әкімініӊ орынбасары Асхат Қайнарбеков Көкшетау қаласында "Tengri Bank" акционерлік қоғамы филиалыныӊ ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Алматы, Қарағанды, Теміртау, Павлодар және Астана қалаларында банктіӊ филиалдары бар. Енді Көкшетау қаласында ашылған жаӊа кеӊсесінде 20 -дан астам банк қызметкері жұмыс істейді. Мұнда заӊды және жеке тұлғаларға арналған банк қызметініӊ барлық түрі көрсетіледі. Банк филиалы ашылған күні 100 тарта көкшетаулыққа қызмет көрсетіп үлгерді. Жалпы, қаржы институтыныӊ негізі елімізде 1992 жылы "Данабанк" жеке банкі ретінде қаланған. 2010 жылдары акцияларын Үндістанныӊ "Punjab National Bank" банкі сатып алған. Содан бері банк атауы бірнеше рет өзгертіліп, өткен жылы "Tengri Bank" АҚ болып бекітілді. Банк жеке және заӊды тұлғалармен ғана емес, "Агробизнес-2020" бағдарламасы шеӊберінде "Аграрлық несие корпорациясы", "Продкорпорация" АҚ бірлесіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес саласында да жұмыс істеуді көздеп отыр.

- Қаржы институты ақмолалық кәсіпкерлерімен өзара бірлескен жобалар жасауға, облыстағы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен шағын және орта бизнес саласына несиелік жәрдем көрсетуге септігі тиеді деген сенімдемін, - деді облыс әкімініӊ орынбасары құттықтау сөзінде.

Шара барысында Асхат Қайнарбеков пен "Tengri Bank" АҚ басқармаларыныӊ төрағасы Ержан Шәйкенов өзара әріптестік бағытында жұмыс істеуге уағдаласты. Қазірдіӊ өзінде банк облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мақсатында шағын және орта бизнес саласында қолға алынған жобалар бойынша 5 млрд теӊге инвестиция салып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны