27.09.2017, 23:47 6008

Ақмола облысында тілдер фестивалі аяқталды

Бүгінгі таӊда облыста 20-ға таяу тілдерді оқыту орталықтары бар. Жылдан-жылға қазақ тіліне деген сұраныс артып, мемлекеттік тілде білім беретін балабақшалар саны көбейіп келеді. Қазіргі таӊда өӊірдегі жалпы білім беретін орта мектептерде ұлты басқа 734 оқушы қазақ тілінде оқиды.

Көкшетау. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Көкшетауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласында атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында тілдер фестивалі аяқталды.

Елімізде ынтымағы мен бірлігі жарасқан жүздеген ұлт пен ұлыстыӊ өкілдері бір үйдіӊ баласындай тату-тәтті, ынтымақ-бірлікте өмір сүруде. Ирбір ұлттыӊ мәдениеті мен тілін дамытуға, салт-дәстүрін нығайтуға барлық жағдайлар жасалған. Бүгінгі таӊда облыста 20-ға таяу тілдерді оқыту орталықтары бар. Жылдан-жылға қазақ тіліне деген сұраныс артып, мемлекеттік тілде білім беретін балабақшалар саны көбейіп келеді. Қазіргі таӊда өӊірдегі жалпы білім беретін орта мектептерде ұлты басқа 734 оқушы қазақ тілінде оқиды.

Жиында Қазақстан халқы ассамблеясы Ақмола облыстық хатшылығыныӊ меӊгерушісі Марал Жақыпова сөз сөйлеп, бірқатар тіл жанашырларына Алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

Салтанатты шарада Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетініӊ доценті, әдебиетші-ғалым Сәбит Жәмбек, "Шаӊырақ" тілдерді оқыту мектебініӊ поляк тілініӊ мұғалімі Наталья Крупельницкая, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетініӊ шет тілдері және аударма ісі кафедрасыныӊ меӊгерушісі Наталья Жұмағұловалар облыс әкімініӊ Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжініӊ директоры Нұртас Ахатұлы, "Нұр Отан" партиясы Ақмола облыстық филиалыныӊ баспасөз хатшысы Динара Дүйсенова, Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицей-мектебініӊ қазақ тілі мен әдебиеті пәнініӊ мұғалімі Тілеукен Ахметбеков және тағы басқалары Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығыныӊ, "Нұр Отан" партиясыныӊ Ақмола облыстық филиалыныӊ, "Қазақ тілі мен мәдениеті" қоғамдық қоры мен бірқатар басқарма басшыларыныӊ Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік іс-шара соӊында "Инім сенсіӊ туған жер" атты өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген облыстық байқаудыӊ қорытындысы жарияланып, байқау жеӊімпаздары мен жүлдегерлері өз өнерлерін ортаға салып, көпшілік назарына ұсынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны