23.08.2017, 18:10 3259

Ақмола облысында "Туған жер" бағдарламасы аясында "Родина" елді-мекенінде дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

Кәсiпкер өзiнiӊ 30 миллион теӊге қаражаты есебiнен ауылдағы дәрiгерлiк амбулаторияға күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiздi және күндiзгi стационар ғимаратын салып бердi.

Көкшетау. 23 тамыз. Kazakhstan Today - "Туған жер" бағдарламасы аясында Целиноград ауданыныӊ Родина ауылында дәрiгерлiк амбулаторияға күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Еске сала кетейiк, бүгiн "Родина" агрофирмасы" ЖШС базасында агроөнеркәсiп кешенiн дамыту мәселелерi бойынша ғылыми-консультативтiк кеӊестiӊ отырысы өтуде. Оған аудан, қала әкiмдерi, өӊiрлiк кәсiпкерлер палатасы, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы өндiрiстiк орталығыныӊ, Ұлттық аграрлық ғылыми-оқыту орталығыныӊ мал шаруашылығы және өсiмдiк шаруашылығы Солтүстiк Қазақстан ҒЗИ өкiлдерi, ауыл шаруашылығы құрылымдарыныӊ басшылары мен аграномдарынан құралған 200 астам адам қатысуда.

Кеӊесте баяндама жасаған "Родина" агрофирмасы" ЖШС басшысы Иван Сауэр бизнестiӊ әлеуметтiк жауапкершiлiгi шеӊберiнде атқарлыған жұмыстар туралы айтып бердi. Қонақтарға Иван Адамович "Туған жер" бағдарламасы бойынша күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлген дәрiгерлiк амбулаторияныӊ iшiн аралатып көрсеттi. Айталық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласындағы мiндеттердi жүзеге асыру бойынша алғашқылардыӊ болып қол ұшын созған кәсiпкерлердiӊ бiрi - осы Иван Сауэр.

Кәсiпкер өзiнiӊ 30 миллион теӊге қаражаты есебiнен ауылдағы дәрiгерлiк амбулаторияға күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiздi және күндiзгi стационар ғимаратын салып бердi. Оған қоса, Зеленый Гай ауылындағы мәдени-сауықтыру кешенiн қалпына келтiруде. "Мұнда медициналық мекеменiӊ толыққанды жұмыс iстеуiне барлық жағдай жасалынған. Стомотология және физиокабинет жабдықталған. Окургтегi төрт ауылдағы 2000 астам адамға медициналық қызмет көрсетiлетiн болады. Өзiм жақында Астанадағы медициналық университеттi тәмамдап, осында "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша келдiм. Менi серiктестiк басшысы баспанамен қамтамасыз еттi", - дейдi аға дәрiгер Алена Злодеева. Ал, зейнеткер Анна Иванова болса, жергiлiктi дәрiгерлер қызметiнiӊ сапасына жоғары баға берiп отыр.

Сонымен қатар, И.Сауэр қонақтарға өз басқаратын "Родина" агрофирмасы" ЖШС әлеуметтiк-өндiрiстiк нысандарын аралатып көрсеттi. Оныӊ iшiнде жабық хоккей корты, сән салоны, кiтапхана, мәдени және демалу саябағы, сүт зауыты сияқты нысандар бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны