25.05.2017, 13:58 3269

Ақмола облысында "Туған жер" бағдарламасы аясында жаӊа мектеп салынады

Құрылыс жұмыстары тура бiр жыл өткен соӊ аяқталып, бiлiм ордасы пайдалануға берiледi деп жоспарланған.

Көкшетау. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысында "Туған жер" бағдарлама аясында жаӊа мектептiӊ құрылысы басталды. Аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болып, Қосшы ауылындағы №2 орта мектепте соӊғы қоӊырау салтанатына қатысты. Ағымдағы жылы аталмыш бiлiм ордасынан 76 оқушы түлеп ұшпақ. Оныӊ 4-уi "Алтын белгiге" үмiткер. Оқушылар мен олардыӊ ата-аналары ж?не ұстаздар алдында құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы түлектерге дұрыс таӊдау жасап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ алға қойып отырған мiндетi елiмiздiӊ дамуына сүбелi үлес қосатындықтарына сенiм бiлдiрдi. Шарада аймақ басшысы облыстағы қоғамдық-м?дени ж?не спортық шараларға белсендi қатысып жүрген ұстаздар мен оқушыларға 500 "ЭКСПО-2017" билеттерiн тапсырды. Осы күнi Мәлiк Мырзалин Қосшы ауылында жеке инвесторлардыӊ қаражатына салынатын жаӊа мектептiӊ алғашқы кiрпiшiн қалау рәсiмiне қатысты. Ақмола облысында "Туған жер" бағдарламасы аясында жаӊа мектеп салынады "Бұл Елбасыныӊ "Туған жер" бағдарламасыныӊ жүзеге асырылып жатқаныныӊ жарқын үлгiсi", дей келе аймақ басшысы мектептiӊ құрылысыныӊ маӊызды iс екенiн атап өттi. Мердiгер "Қазына-SR" ЖШС директоры С.Матайбаевтыӊ айтуынша бизнестiӊ ?леуметтiк жауапкершiлiгi шеӊберiне бой көтеретiн бiлiм ордасы 200 оқушыға арналған. Ғимаратта ағылшын тiлi тереӊ оқытылатын 12 сынып пен секция, үйiрме бөлмелерi қарастырылған. Жобаныӊ құны 350 миллион теӊгенi құрап отыр. Құрылыс жұмыстары тура бiр жыл өткен соӊ аяқталып, бiлiм ордасы пайдалануға берiледi деп жоспарланған.

"Бұл Елбасыныӊ "Туған жер" бағдарламасыныӊ жүзеге асырылып жатқаныныӊ жарқын үлгiсi", дей келе аймақ басшысы мектептiӊ құрылысыныӊ маӊызды iс екенiн атап өттi. Мердiгер "Қазына-SR" ЖШС директоры С.Матайбаевтыӊ айтуынша бизнестiӊ әлеуметтiк жауапкершiлiгi шеӊберiне бой көтеретiн бiлiм ордасы 200 оқушыға арналған. Ғимаратта ағылшын тiлi тереӊ оқытылатын 12 сынып пен секция, үйiрме бөлмелерi қарастырылған. Жобаныӊ құны 350 миллион теӊгенi құрап отыр. Құрылыс жұмыстары тура бiр жыл өткен соӊ аяқталып, бiлiм ордасы пайдалануға берiледi деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны