11.11.2018, 22:51 5455

Ақмола облысында түтін құбырларын тазалау және улы газды анықтау датчиктерін орнату жұмыстары жүргізілді

Шортанды ауданы тұрғындарыныӊ әлеуметтік аз қорғалған бөлігіне 2018-2019 жылдардағы жылыту кезеӊі мен өрт қауіпсіздігі айлығы шеӊберінде күйеден түтін құбырларын тазалау жұмыстары жүргізілді және жергілікті атқарушы органдарыныӊ, кәсіпкерлік субъектілерініӊ қолдауымен улы газды анықтау датчиктері орнатылды.

Көкшетау. 11 қараша. Kazakhstan Today - Қазіргі уақытта улы газбен улану жағдайлары жиі кездеседі.Жыл сайын бүкіл әлем бойынша, емдеу мекемелеріне улы газбен улану белгілері бар мыӊдаған адамдар жеткізіледі улы газбен уланған олардыӊбәрін бірдей құтқара алмайды.Улы газбен улану белгілері түсініксіз,сондықтан көміртек тотығы кейде "тыныш өлтіруші" деп аталады. Біздіӊ ата-бабаларымыз жылуды сақтаймын деп жанып бітпеген пешті жабу өте қауіпті екенін білді.

Жабық үйде жылы, ыӊғайлы, адам демаламын деп оянбай, уланады.Тұрғын үйлерде пешті қатты отынмен жылытуулы газдыӊ әсер ету тәуекелі өседі, ол пешті дұрыс пайдаланбау кезінде, оттегініӊ жетіспеуі жағдайында бықсыған көмірдіӊ тотығуы кезінде пайда болады және бөлмеге түседі.

Тұншықтырғыш газбен улану қаупі тобында кейбір отбасы мүшелері өзгелерге қарағанда тұншықтырғыш газбен тез улануы мүмкін. Олар нәрестелер мен жас балалар, жүкті әйелдер, жүрек немесе тыныс алу мәселелері бар адамдар.

2018 жылғы 5 қарашада жылыту маусымыныӊ басталуына байланысты өрттіӊ алдын алу іс-шараларын өткізу барысында көп балалы және аз қамтылған отбасылар тұратын тұрғын үй секторында улы газбен улану жағдайларыныӊ алдын алуға ерекше көӊіл бөлінді.Тұрғын үй секторын аралап шығу кезінде тұрғындарға жылыту маусымында пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалар таратылды және улы газбен уланудыӊ пайда болу себептері түсіндірілді.

Сонымен қатар, Шортанды ауданы тұрғындарыныӊ әлеуметтік бейімделмеген бөлігіне 2018-2019 жылдардағы жылыту кезеӊі мен өрт қауіпсіздігі айлығы шеӊберінде күйеден түтін құбырларын тазалау жұмыстары жүргізілді және жергілікті атқарушы органдарыныӊ, кәсіпкерлік субъектілерініӊ қолдауымен улы газды анықтау датчиктері орнатылды. Барлығы 7 улы газды анықтау датчиктері орнатылды, 15 түтін мұржалары тазаланды.Осы бағытта жұмыс жалғасатын болады.

Е.Е. Ақышев

Ақмола облысы ТЖД

Шортанды ауданы ТЖБ аға инженері

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны