04.07.2018, 14:59 3693

Ақмола облысында "Ұлттық домбыра" күнін тойлау жалғасуда

Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай Ақмола облысы Біржан сал ауданыныӊ Степняк қаласындағы мәдениет үйінде "Күмбірле, домбыра!" атты мерекелік концерт өтті

Көкшетау. 4 шілде. Kazakhstan Today - Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай Ақмола облысы Біржан сал ауданыныӊ Степняк қаласындағы мәдениет үйінде "Күмбірле, домбыра!" атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардыӊ өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Біржан сал атындағы мәдениет үйініӊ ұжымы көрермендерге қызықты шығармашылық бағдарламасын көрсетті. Сахнада "Көкек" және "Арай" ансамбльдері өздерініӊ 20-дан астам шығармашылық бағдарламаларымен мерекелік күн сыйлады. Бишілер өздерініӊ барлық дағдылары мен таланттарын көрсетті. Жалпы, мәдениет үйінде күні бойы көтеріӊкі көӊіл күй болды.

Домбыра - жай ғана аспап емес, ол бабадан қалған асыл мұра, әр қазақтыӊ рухы мен жаны. Көмейінен күмбірлі күй төгілген қасиетті қазақ аспабы, міне, енді дәстүрлі түрде жыл сайын ұлттық деӊгейде аталып өтілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны