14.05.2009, 16:16 2757

Ақмола облысында үш айда дәрігерлердің әрекеттері мен сапасыз емдеуіне қатысты 30 шағым түсті

Ақмола облысында үш айда дәрігерлердің әрекеттері мен сапасыз емдеуіне қатысты 30 шағым түсті

Көкшетау. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысында биылғы жылдың алғашқы үш айында Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің департаментіне дәрігерлердің әрекеттері мен сапасыз емдеуіне қатысты 30 шағым түсті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне департамент қызметі Светлана Сәбитова хабарлады.

Оның айтуынша, тексерулер кезінде бұл шағымдардың жартысы дәлелденді. "Соның нәтижесінде он үш медицина қызметкері әкімшілік жаза жүктеді. Оларға айыппұл салынды. Ал дәрігердің кінәсіне байланысты науқас қаза табу секілді күрделі жағдайларда іс прокуратураға жолданады. Биыл үш дәрігер қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді С.Сәбитова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны