30.09.2017, 12:06 7482

Ақмола облысында үздік шыққан жас мемлекеттік қызметші шетелге тәжірибе жинақтауға барады

Атап өтейiк, бүгiн Көкшетауда аймақаралық жас мемлекеттiк қызметшiлер форумы өттi. Оған елiмiздiӊ 5 солтүстiк өӊiрiнен келген 150 ден астам жас маман келiп қатысты.

Көкшетау. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысында үздік шыққан жас мемлекеттік қызметші шетелге тәжірибе жинақтауға барады.

Осындай идеяға Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлік Мырзалин "Халыққа қызмет - абыройлы мiндет" атты жас мемлекеттiк қызметшiлер форумында қолдау бiлдiрдi.

Атап өтейiк, бүгiн Көкшетауда аймақаралық жас мемлекеттiк қызметшiлер форумы өттi. Оған елiмiздiӊ 5 солтүстiк өӊiрiнен келген 150 ден астам жас маман келiп қатысты.

Форум форматы диалог күйiнде өттi. Алғашқы болып облыс әкiмi М. Мырзалин өзiнiӊ өмiрлiк тәжiрибиесiмен жастармен бөлiстi. Иӊгiме барысында аймақ басшысы, алғашқы мемлекеттiк қызметтегi әсерiмен бөлiсiп, оларға мемелкетке қызмет етуде еӊ бiрiншi талмай еӊбектену керек екенiн айтты. "Бүгiнгi жастардыӊ алға қойған мақсатына жету үшiн елiмiзде барлық мүмкiндiктер қарастырылған. Тек оған ерiнбек еӊбектену керек",-дедi ол.

Ал мемлекеттiк қызмет саласыныӊ ардагерi М.Кұлмағамбетов жастармен әӊгiме барысында мемлекеттiк қызметшiлердiӊ арасында жыл сайын өтетiн "Үздiк мемлекеттiк қызметшi" сайысында озып шыққан жастарға шет елге курортқа тегiн демалыс билетiн үйлестiру туралы ойын айтты. Өз кезегiнде М. Мырзалин идеяны қолдап, жастарды курорттан гөрi, тәжiрибие алмасуға жiберудi жөн санады.

Сондай-ақ форумда ҚР Мемлекеттiк қызмет агенттiгiнiӊ аппарат басшысы С.Ахметжанов пен "Жiгер" жас мемлекеттiк қызметшiлер клубыныӊ президентi Д.Серғазина сөз сөйледi.

Диалог форматында өткен форумда жастар өздерiн толғандырған сауалдар қойып, оған тұшымды жауап алды. Ал, шара соӊында Қарағанды облысынан келген Медет Қараметов, өзiнiӊ форумға арнаған өлеӊiн оқыды.

Форумныӊ екiншi күнi жастар "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында Бурабайдыӊ киелi орындарын аралайтын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны