02.03.2011, 14:55 3890

Ақмола облысында жас балалары бар әйел есірткі сатумен айналысқан

Ақмола облысында жас балалары бар әйел есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көкшетау. 2 - наурыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысында жас балалары бар әйел есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақмола облысының ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Степногорск қаласының тұрғыны есірткі сатумен айналысады деген ақпарат алғаннан кейін күдіктінің қылмыстық әрекетін әшкерелейтін іс-шара жүргізген.

"Екі жас баласы бар 26 жастағы әйел өз пәтерінде есірткі сатумен айналысқандығы белгілі болды. Пәтерді тінту кезінде күдікті сегіз полиэтиленді орамаға салынған жалпы салмағы 7,08 грамм есірткіні өз еркімен шығарып берді. Пәтерден сондай-ақ, есітркі заттарын сату кезінде есеп жүргізілген дәптер де тәркіленді",- деп хабарлады Ақмола облысының ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкері Рәзия Құрсанова.

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 259 бабының -тармағы бойныша қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны