26.07.2017, 19:14 4170

Ақмола облысында "Жасыл ел" сарбаздарыныӊ мерекесі аталып өтті

Ақмола облысында жыл сайын жастардыӊ жұмыспен қамтылу деӊгейін жоғарылату мен жастарды еӊбек нарығына бейімдеу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Көкшетау. 26 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысында жыл сайын жастардыӊ жұмыспен қамтылу деӊгейін жоғарылату мен жастарды еӊбек нарығына бейімдеу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Осындай бұқаралық жастарды қолдау бастамаларыныӊ бірі әрқашан билік органдарыныӊ назарындағы "Жасыл ел" бағдарламасы болды.

Бұған Степногорск қаласындағы "Жасыл ел" штабыныӊ басшысы Тоқтар Болысовтыӊ өӊірлік "Жасыл ел" бөлімшелерінде сарбаздарға жаӊадан сыйланған жұмыс киімдер дәлел болады.

Республикалық қозғалыстыӊ өкілі өз сөзінде "Жасыл ел" бағдарламасы Қазақстан Республикасыныӊ президенті Н.И. Назарбаевтыӊ арқасында жастардыӊ нағыз бұқаралық қозғалысына айналғандығын атап кетті.

Атап өткен жөн, "тәуекел топтары" деуге болатын жасақтардыӊ қатарына сарбаздарды тартатын еӊбекті ұйымдастырушы жасақтарға басты назар аударылады. Еӊбек жасақтарыныӊ басшылығымен жастар, девиантты әрекеттерімен қоғамдық-пайдалы қызмет етіп қана қоймай, әрі оған лайықты еӊбек ақысын алады. Бүгінгі таӊда "Жасыл ел" бағдарламасыныӊ "тәуекел топтарында" күніне 40 адам қатысады.

2017 жылы "Жасыл ел" бағдарламасын іске асыру үшін бюджеттен 48 млн. теӊге бөлінген.

Ағымдағы жылы "Жасыл ел" қызметімен облысымыздағы барлық аудандар, Көкшетау мен Степногорск қалалары қамтылған. Бағдарламаныӊ шеӊберінде 733 жауынгер пысықтады, еӊбек маусымыныӊ аяқталғанына дейін тағы 240 адам қамтылады.

Жалпы, Ақмола облысында 2005 жылдан бастап "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша 9331 адам жұмыс істеген, олар 10 890 гектар орман шаруашылығы жұмыстарын атқарып, 2 млн. 750 мыӊ жас ағаштар мен бұталар отырғызған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны