06.02.2012, 14:25 3678

Ақмола облысында жоғалып кеткен мектеп мұғалімінің денесі құдықтан табылды

Бұл туралы Ақмола облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Көкшетау. 6-ақпан. Kazakhstan Today Ақмола облысында жоғалып кеткен мектеп мұғалімінің денесі құдықтан табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"2012 жылдың 5-ақпаны күні Бұланды ІІБ-не Алтынды ауылының 53 жастағы тұрғыны 51 жастағы қарындасының жоғалып кеткені туралы шағымданды", - деп айтылған хабарламада.

оның айтуынша, жергілікті мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін туысы үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

"Бірнеше сағаттан кейін полицейлер оның денесін құдықтан табылып, мәйітханаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама белгіленген", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны