05.01.2015, 11:33 4174

Ақмола облысында жол апатынан екі жасар сәби көз жұмды

Ақмола облысында жол апатынан екі жолаушы, соныӊ ішінде екі жасар сәби көз жұмды, тағы 8 адам ауруханаға жатқызылды.

Көкшетау. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақмола облысында жол апатынан екі жолаушы, соныӊ ішінде екі жасар сәби көз жұмды, тағы 8 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінііӊ тілшісі.

Жол апаты Зеренді ауданында, "Көкшетау-Рузаевка" тас жолыныӊ 52 шақырымында орын алған. Ақмола облыстық ТЖД-дан мәлімдегендей, "Мерседес-бенц" пен "Ауди-80" көліктерініӊ соқтығысуы салдарынан 1987 және 2012 жылғы екі жолаушы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

"Сондай-ақ 8 адам ауруханаға жеткізілді, олардыӊ арасында 11 жасар ер бала мен емшектегі сәби бар", - деп толықтырды баспасөз қызметінен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны