31.10.2007, 16:42 6613

Ақмола облысында жол торабының ашылуы өтті

Ақмола облысында жол торабының ашылуы өтті.

Көкшетау. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Салынып жатқан Астана - Щучинск - Көкшетау автобанында бүгін жаңа жол торабының ашылуы өтті. Оның ұзындығы 4951 метрді құрайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ақмола облысының көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бастығы Геннадий Долгих: "бұл нысаның құрылысы 1986 жылы басталған болатын, одан кейін көпір пайдаланылмай тұрды. Тек 2006 жылы оны салуды қайта қолға алдық", деп атап өтті. 960 млн теңге көлеміндегі қаржы республикалық бюджеттен бөлінген болатын.

Осы жол торабының арқасында темір жол арқылы өтетін жолды алып, көлік жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Көкшетау және Петропавловск бағытына баратын жолдарды бөлу жоспарлануда. Геннадий Долгих, Ресейге шығатын Астана - Щучинск - Көкшетау - Петропавловаск тас жолымен тәулігіне 6 мыңнан астам көлік жүріп өтетіндігін, еске сала кетті.

Жол тобары Астана - Көкшетау автобанын салу барысында пайдаланылған технологиямен салынған, қызмет көрсету мерзімі 20 жылдан асады.

"Бұл жобаның жүзеге асырылуын біз көптен бері, жиырма жылдай күттік. Мемлекеттік органдар мен құрылысшылар жүргізген жұмыстарының арқасында әзірге Қазақстандағы жалғыз Астана - Көкшетау автобанының бөлігін салу бір жыл ішінде аяқталды",- деді Ақмола облысының әкімі Мәжит Есенбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны