16.11.2017, 16:55 5293

Ақмола облысындағы "Арқа ажары" газеті ғасырлық мерейтойын атап өтуде

Газет "Тіршілік" деген атаумен Ақмола қаласында 1917 жылдыӊ шілде айынан 1918 жылдыӊ ортасына дейін шыққан. Газет негізін қазақтыӊ ұлы ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин қалаған.

Көкшетау. 16 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облыстық "Арқа ажары" газеті бүгін алғашқы саны шыққаннан бергі 100 жылдық мерейтойын тойлауда.

Ғасырлық тойдыӊ құрметіне орай облыс орталығында елдіӊ өзге өӊірлерінен келген қонақтар мен жергілікті жұртшылықтыӊ қатысуымен салтанатты іс-шара мен көрме болып өтті.

"Бұл аса елеулі мерейтой. Басылым тарихы - облысымыздыӊ тарихы. 1917 жылдыӊ шілде айында шыққан оныӊ бірінші саны өӊірдегі заманауи баспасөздіӊ дамуына іргетас қалады, ал оныӊ бастауында мемлекет қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллин тұрғанын айта кетейік. Кезінде латын қарпімен басылып тұрған, тамырын тереӊге тартқан бұл басылым бүгінде республика бойынша "Арқа ажары" деген атпен танымал", - деді өз құттықтау сөзінде облыс әкімі Мәлік Мырзалин.

Одан кейін сөз алған баяндамашылар газеттіӊ аяғынан тұру тарихына тоқталып, алғашқы редакторлар жайлы естеліктермен бөлісе отырып, дәуірлердіӊ тоғысында дүниеге келген басылымныӊ өӊірдегі қоғамдық, іскерлік, мәдени тіршіліктіӊ тынысын кеӊінен таныта білгенін, республикалық елеулі оқиғалардыӊ да ортасынан табылатынын тілге тиек етті.

Басылым беттерінен репортаж бен публицистиканыӊ, әдебиеттіӊ майталмандары мен мемлекет қайраткерлерініӊ ой-толғамдары басылатын.

Іс-шара қонақтары басылымныӊ тарихынан және бүгінгі тіршілігінен хабардар ететін көрмемен де танысты.

Газет тарихы

Газет "Тіршілік" деген атаумен Ақмола қаласында 1917 жылдыӊ шілде айынан 1918 жылдыӊ ортасына дейін шыққан. Газет негізін қазақтыӊ ұлы ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин қалаған. Осы 100 жыл ішінде атауын бірнеше мәрте өзгерткен басылым 1991 жылдыӊ 26 қаӊтарынан бастап "Арқа ажары" атала бастады.

2011 жылы газет Қазақстан Республикасы Президентініӊ грантына ие болған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны