28.07.2017, 19:39 4385

Ақмола облысындағы аудандық мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Ақмола облысыныӊ Зеренді ауданындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мектеп 1973 жылы салынған және 320 орынға есептелген, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы.

Көкшетау. 28 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Зеренді ауданындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мектеп 1973 жылы салынған және 320 орынға есептелген, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы.

"Мектеп жұмыс істеп келе жатқалы 40 жылдан асты. Осы уақытта ішінара ғана әрлеу жұмыстары жүргізіліп келген. Биыл облыстық әкімдік оқу орныныӊ күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлді. Кіші сыныптарға арналған жеке ғимарат бар болғандықтан, жөндеу оқыту үдерісіне кедергі келтірмейді" - деді мектеп директоры Эльмира Халелова.

Күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 324,663 миллион теӊге бөлінген. Жөндеу жұмыстары екі кезеӊмен жүргізіледі: біріншісі ағымдағы жылдыӊ 1 маусымында басталды. Заманауи талаптарға сәйкес терезелер мен естіктер алмастырылуда. Оқушылар саны көбеюге байланысты биыл спорт залды мәжіліс залына айналдыру жоспарланған. Ал спортзал жобаға сәйкес қайта жаӊғыртудыӊ екінші кезеӊінде 2018 жылы жеке қосалқы жайда салынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны