06.06.2017, 16:45 4161

Ақмола облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында "Сот кабинеті" сервисі қызмет көрсетеді

"Сот кабинеті" сервисі алты бөлімшеден тұрады.

Көкшетау. 6 маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында "Сот кабинеті" сервисі қызмет көрсетеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақмола облысыныӊ кәмелетке толмағандардыӊ істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ кеӊсе меӊгерушісі А.Иубәкіроваға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев судьяларыныӊ VІІ съезінде -сот билігі азаматтардыӊ құқықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін елдігіміздіӊ берік тұғырларыныӊ бірі болып табылады.

Сот жүйесініӊ бәсекеге қабілеттілік деӊгейін және оған қоғамныӊ соттарға деген сенім деӊгейін арттыру, судьялар қызметін бағалау жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды қолға алуды алға қойды.

Елбасыныӊ сот органдары жұмысына жаӊа технологияларды қолдану, халықтыӊ сот жүйесіне деген қолжетімділігі мен ашықтығына қол жеткізуін арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында еліміздіӊ сот жүйесі жыл өткен сайын заманауи технологияларды сәтті енгізіп, жүзеге асыруда.

Осындай жаӊашылықтыӊ біріне "Сот кабинеті" сервисін жатқызуға болады.

"Сот кабинеті" сервисі алты бөлімшеден тұрады. "Сот ісін жүргізу" бөлімшесі арқылы сотқа талап қою, ерекше талап қою, ерекше іс жүргізу тәртібінде арыз беру; сырттай шешімніӊ күшін жою туралы арыз; талап арызға пікір беру; өтінішхат; қарсы талап; сот отырысыныӊ хаттамасына арыз ескертпе; сот актілерініӊ көшірмелерін қайта беруге арыз; төлем чегін тексеру әрекеттерді жүзеге асыруға болады. Одан басқа, "Хаттарды жіберу", "Өтініштерді беру", "Апостильдеу", "Сот істерін іздеу" және "Талдау форумы" бөлімшелері орналасқан.

Яғни бұл жүйе сот органдарыныӊ қызметіне бір терезе жүйесімен қол жеткізудіӊ онлайн түрі.

Ол үшін сізде ғаламтор желісіне қосылған компьютер және электронды сандық қолтаӊбаӊыз болса жеткілікті. ЭЦҚ алғаннан кейін жеке және заӊды тұлғаларға және олардыӊ заӊды өкілдеріне соттарға электронды формаларды толтыру арқылы электронды құжаттар мен іс материалдарын жолдау мүмкіндігін қажетіӊізше пайдалана аласыз. Сіз желіден ҚР Жоғарғы Сотыныӊ ресми сайтына кіріп "Сот кабинеті" модуліне кіресіз, сол жерде қажетті әйнектерге өзіӊіздіӊ жеке мәліметтеріӊізді толтырасыз.

Жалпы бүгінгі күні сот кабинеті модулі хат алмасуға еӊ тиімді, әрі еӊ қолайлы тәсіл екендігін дәлелдеп келеді. Сондықтан да барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға әкімшілік құқық бұзушылық істер материалдарын электронды форматта жолдау мүмкіндігі қарастырылған.

Жалпы онлайн қызметті пайдаланудағы еӊ басты ерекшелік бұл сотқа шағым жазып оны тіркеуде уақытты үнемдеуде екенін түсінуіміз қажет. Кез келген азамат өзіне қолайлы уақытта сот құжатын қарап, істіӊ тарихымен танысып, сот актісін басып шығара алады. Азаматтардыӊ пошталық қызметтерге жұмсалатын қаржылық және уақыт шығынын үнемдеулеріне мүмкіндік береді.

Облыс және аудан орталықтарындағы "Халыққа қызмет көрсету орталықтарында" да "Сот кабинеті" сервисініӊ қызмет көрсететінін де атап өту керек. Ол үшін тиісті орталыққа барып ЭЦҚ алу жеткілікті.

Сонымен қатар, жуырда Қазақстан Республикасыныӊ Жоғарғы Соты интернет жүйесінде "Сот кабинеті" сервисінде "Соттар мен судьялар қызметін сыртқы бағалау" пилоттық жобасы іске қосылды.

Сауалнаманыӊ басты мақсаты - сот процесіне қатысушылардыӊ сот талқылауларын ұйымдастыру және өткізу сапасына қанағаттанушылық деӊгейін зерделеу. Сауалнама арқылы соттар мен судьялар қызметін бағалау "Сот кабинеті" сервисініӊ шеӊберінде сот талқылауларына қатысушылар арасында жүргізіледі.

Бүгінгі таӊда қоғамныӊ сот жүйесіне деген қолжетімділігі мен ашықтығына жәнесоттарға деген сенім деӊгейін арттырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны