05.10.2017, 18:34 4471

Ақмола облысындағы мектептердіӊ 68 пайызы шағын мектептердіӊ үлесіне тиеді

Конференция жаӊартылған білім мазмұны жағдайында шағын мектептердегі мұғалімдер арасында кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Көкшетау. 5 қазан. Kazakhstan Today - "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығыныӊ филиалы - Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердіӊ біліктілігін арттыру институтында білім беру мазмұнын жаӊарту мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

"Шағын мектептер: білім беру мазмұнын жаӊарту жағдайындағы даму мәселелері" тақырыбына арналған конференцияныӊ пленарлық мәжілісіне Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясыныӊ өкілі, шағын мектептерді дамыту орталығыныӊ директоры Манар Адамова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетініӊ оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Айгүл Жақыпова, облыстық білім саласын бақылау департаментініӊ бөлім басшысы Гүлнәр Тасболатова және облыстық білім басқармасыныӊ мамандары қатысты.

Республикамызда жалпы білім беретін мектептердіӊ 41 пайызы шағын мектептер. Ақмола облысындағы мектептердіӊ 68 пайызы шағын мектептердіӊ үлесіне тиеді.

Конференция жаӊартылған білім мазмұны жағдайында шағын мектептердегі мұғалімдер арасында кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны