19.10.2017, 23:06 5417

Ақмола облысындағы танымал тарихи ескерткіштерді таныту сериясы Қаныкей мазарына арналады

Уақыт өте келе Қаныкей сұлудыӊ атымен байланысты аӊыздыӊ қуатты болғаны соншалық, Тайбек жерленген мазарды адамдар "Қаныкей мазары" деп атап кеткен. Қаныкей мазарын 1979 жылы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайыныӊ қызметкерлері зерттеді.

Көкшетау. 19 қазан. Kazakhstan Today - "Туған жер" арнайы жобасыныӊ аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі облыстағы еӊ танымал тарихи ескерткіштерді таныту сериясын жалғастыруда.

XVII ғасырда салынған Қаныкей мазары Қорғалжын ауданыныӊ Өркендеу ауылында орналасқан. XVII ғасырдыӊ бас кезінде Қазақ елініӊ жағдайы өте ауыр еді. Жоӊғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары, башқұрттар жан-жағынан анталап тұрды. Исіресе жоӊғарлар қазақтар үшін аса қауіпті жау болды. Аӊыз бойынша, үш ғасыр бұрын бұл жерде ешкім өмір сүрмеген, тек қана қалмақтар мен қазақтар арасындағы шекара ретінде қызмет жасаған. Қалмақтар қазақтарға шапқыншылық жасап, малдарын айдап әкетіп, ауылдарын өртеп кеткен. Осындай бір шапқыншылық кезінде 15 жастағы ханныӊ қызы Қаныкей жорыққа бірге барады. Осы жорық қалмақтар үшін сәтсіз өтіп, қалмақтыӊ қызы қайтыс болады. Қыз ай далада жерленіп, моласы қызыл кірпіштен қаланады. Содан кейін қазақтар осы жерге көшіп келіп, қоныстана бастады. Өркендеу ауылында Өтеқара деген атақты байдыӊ отбасы келіп қоныстанады. Оныӊ жалғыз баласы қатты науқастанып, қайтыс болады. Икесі ұлын соӊғы сапарға шығарып салу үшін жерлеу рәсімін кеӊ көлемде өткізіп, баласына мазар салуға бұйрық береді. Уақыт өте келе Қаныкей сұлудыӊ атымен байланысты аӊыздыӊ қуатты болғаны соншалық, Тайбек жерленген мазарды адамдар "Қаныкей мазары" деп атап кеткен. Қаныкей мазарын 1979 жылы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайыныӊ қызметкерлері зерттеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны