18.05.2017, 14:55 4374

Ақмола облысыныӊ әкiмi "Ақкөл" ғарыш байланыс орталығында болды

Ақмола облысы әкiмi Мәлiк Мырзалин жұмыс сапарымен Ақкөл ауданына келдi. Үшбұлақ ауылында аймақ басшысы жұмыртқа өндiруге негiзделген құс фабрикасыныӊ жұмысмен танысты.

Көкшетау. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысы әкiмi Мәлiк Мырзалин жұмыс сапарымен Ақкөл ауданына келдi. Үшбұлақ ауылында аймақ басшысы жұмыртқа өндiруге негiзделген құс фабрикасыныӊ жұмысмен танысты.

Былтыр жылдық қуаты 90 млн. дана жұмыртқа өндiруге бағытталған фабрикада 37 млн. дана, ал жыл басынан берi 17 млн. дана жұмыртқа өндiрiлген. Жұмыс қарқынымен етене танысқан аймақ басшысы, бұл өндiрiс орны Астананы азық-түлiкпен қамту бағдарламасына қатысатынын айтып, фабрика елорданы жұмыртқамен қамтуда жұмысты жандандырып, экспортқа шығу қажеттiгiн айтты.

Атап өту керек, бұл жоба өӊiрдiӊ индустриаландыру картасына енген, әрi "БЖК-2020" бағдарламасы аясында инфрақұрылым жасалған.

Мұнан кейiн, облыс әкiмi бiрқатар әлеуметтiк нысанды аралап олардыӊ жұмысымен танысты, олардыӊ iшiнде, тәулiгiне 250 адамды қабылдай алатын аудандық емхана, жүзу бассейнi және аудандық мәдениет үйi бар.

Атап айту керек, облыс әкiмi болған емхана былтыр ғана ашылған, емдеу мекемесiне жергiлiктi тұрғындармен қоса, автомагистарльдiӊ бойында орналасқандықтан өзге аймақтыӊ тұрғындары да қаралады екен. Аймақ басшысы мұнда травматологиялық бөлiмнiӊ материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырды.

Осы күнi М. Мырзалин "Ақкөл" ғарыш байланыс орталығыныӊ да тыныс -тiршiлiгiмен танысты.

Республикалық ғарыш байланыс орталығыныӊ директоры Б. Құдабаевтыӊ айтуынша бұл 2005 жылы құрылған жердегi ғарыш аппараттарын басқаруға және байланыс жүйесiнiӊ мониторингiн жүргiзуге арналған бiрiншi қазақстандық кешен.

Облыс әкiмi Ақкөл ауданына жасаған жұмыс сапарын аудандық активте қортындылады. Мұнда Ақкөлдiӊ әлеуметтiк -экономикалық дамудағы көрсеткiштерi сөз болып, Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны