05.07.2017, 16:48 2894

Ақмола облысыныӊ әкімі Астананыӊ құрдастарымен кездесті

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин Астана күнi қарсаӊында елорданыӊ құрдастарымен және бас қаланыӊ құрылысына, әсем сәулетiнiӊ бой көтеруiне, оныӊ дамуына үлес қосқан азаматтармен кездестi

Көкшетау. 5 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин Астана күнi қарсаӊында елорданыӊ құрдастарымен және бас қаланыӊ құрылысына, әсем сәулетiнiӊ бой көтеруiне, оныӊ дамуына үлес қосқан азаматтармен кездестi.

Жылы жүздесуде аймақ басшысы жастарды айтулы мерекемен құттықтап, 19 жасқа толған Елордамыздыӊ құру тарихында мемлекет басшысыныӊ ерен еӊбегiне тоқталды. "Бүгiнгi Астана сәулетi жарақсан, әлемдегi астаналардыӊ iшiнде өзiндiк орны бар, экономикалық-мәдени орталық. Сондай-ақ М. Мырзалин Астана құрылысына атсалысқан облыс құрылысшыларын да атап өтiп, бас қаланыӊ облыс үшiн маӊыздылығы мен беделiне тоқталды.

Жылы кездесуде аймақ басшысы жастардыӊ сауалдарына да жауап бердi.

Бұдан әрi Астана қаласыныӊ құрылысына өз үлестерiн қосқан Арғын Аузаров, Жұмабай Имiржанов секiлдi азаматтар сөз сөйлеп, бас қаланыӊ олардыӊ өмiрiнде алған орны, өз салалары бойынша оныӊ дамуына қосқан үлестерi жайында айтып бердi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны