16.10.2017, 13:17 4408

Ақмола облысыныӊ әкімі электронды мұрағатқа көшу қажеттігін атап өтті

Аймақ басшысы тұрақты температураны сақтап, басқа да қажетті жағдайларды жасауға қарамастан, ерте ме, кеш пе қағаз нұсқадағы құжаттардыӊ ескіріп, тозатынын айтып, электронды мұрағатқа көшу қажеттігін атап өтті. Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы басшысы Мәрзият Тохаеваныӊ айтуынша, қазір бұл бағытта мақсатты жұмыстар атқарылып жатыр.

Көкшетау. 16 қазан. Kazakhstan Today - Облыстық мемлекеттік мұрағатта болған Ақмола облысыныӊ әкімі электронды мұрағатқа көшу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәлік Мырзалин мемлекеттік мұрағатта өӊір тарихына арналған көрмемен танысып, мұрағаттарды сақтау мәселесіне назар аударды.

Бүгінде облыстық мұрағаттыӊ 1385 қорында 445700 дана түрлі құжаттар сақталуда. Олардыӊ еӊ көнесі - 1873 жылы берілген метрикалық құжат.

Аймақ басшысы тұрақты температураны сақтап, басқа да қажетті жағдайларды жасауға қарамастан, ерте ме, кеш пе қағаз нұсқадағы құжаттардыӊ ескіріп, тозатынын айтып, электронды мұрағатқа көшу қажеттігін атап өтті. Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы басшысы Мәрзият Тохаеваныӊ айтуынша, қазір бұл бағытта мақсатты жұмыстар атқарылып жатыр.

Облыстық мұрағаттар және құжаттамалар басқармасыныӊ басшысы аймақ басшысын өз салаларыныӊ жұмыстарына арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында қолға алынған жобалармен таныстырып, осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Облыстық мұрағатқа келіп, өздеріне қажетті құжаттар мен сирек кездесетін кітаптарды, басқа да дереккөздерді тауып, кәдеге жаратып жатқан адамдар аз емес. Мұрағаттыӊ оқу залында отырған Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология ғылыми-зерттеу институтыныӊ аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарыныӊ докторы Қайдар Алдажұманов аймақ басшысына облыстық мұрағатта өӊір тарихына қатысты құнды құжаттар мен мәліметтердіӊ көп екендігін айтты.

Облыс басшысы аймақ тарихына арналған фотосурет, кітап және түрлі құжаттар негізінде жасалған көрмені аралап көрді. Мұнда 18-ші ғасырдағы Абылай хан дәуірін қамтитын тарихи деректермен, түрлі фотосуреттермен өрілген өлке шежіресі баяндалған. Осы арада төте жазумен басылған 1922 жылы шыққан губерниялық кеӊес депутаттарыныӊ "Бостандық туы" газетініӊ көшірмесі де қойылыпты.

Облыс басшысы 1929 жылдан бастап шыққан латын әліпбиінде басылған газеттер мен кітаптар, басқа да баспа өнімдері негізінде көрме ұйымдастырсаӊыздар деген ұсынысын білдірді.

Латын әліпбиініӊ жаӊа нұсқасы қабылданғалы жатқан қазіргі кезде әсіресе, жас ұрпаққа бұрын да латын әліпбиін қолданғанымызды айғақтайтын құжаттармен негізделген мұндай көрменіӊ әсері аз болмасы анық. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел өмірін баяндайтын фотосуреттер мен газеттерде жарияланған мақалалар, кітаптар сол бір ауыр кезеӊ жайында сыр шертеді. Тыӊ және тыӊайған жерлерді игеру, одан кейінгі өӊір дамуы - бәрі нақты құжаттар мен фотосуреттер арқылы сол кезеӊдерді көз алдыӊа әкеледі. Ир жылдары облысты басқарған тұлғалардыӊ сурет галереясы да көрнекті жерден орын алған.

Тәуелсіз Қазақстан шежіресі жөніндегі құжаттар да, фотосуреттер мен кітаптар да жетерлік. Бұдан кейін облыс басшысы мұрағат қорын көріп, құжаттар мен басқа да қағаз нұсқадағы материалдардыӊ сақталу жайымен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны