19.05.2017, 16:51 2790

Ақмола облысыныӊ әкімі халық шығармашылығы байқауыныӊ жеӊімпаздарына сыйлықтар табыстады

Көкшетауда "EХPO-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесiне және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздерiнiӊ 25 жылдығына арналған "Қуатты Қазақстан - баянды болашақ!" атты "Ақмола жұлдыздары" облыстық халық шығармашылығы байқауыныӊ гала-концертi болып өттi.

Көкшетау. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Көкшетауда "EХPO-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесiне және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздерiнiӊ 25 жылдығына арналған "Қуатты Қазақстан - баянды болашақ!" атты "Ақмола жұлдыздары" облыстық халық шығармашылығы байқауыныӊ гала-концертi болып өттi.

"Көкшетау" мәдениет сарайында ұйымдастырылған концертке аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, үздiк өнерi мен шығармашылық жетiстiктерi үшiн бас жүлденiӊ иегерлерi атанған Көкшетау қаласы, Бұланды, Целиноград аудандарыныӊ мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмдерiне "Лада", "Нива" автокөлiктерiнiӊ кiлттерiн табыс еттi. Шара басталмас бұрын м?дениет сарайыныӊ алаӊында ұйымдастырылған этноауылда ұлттық рәсiмдер көрсетiлiп, астрахандық "әжелер" ансамблi ән-жырдан шашу шашып, Атбасар, Бұланды, Бурабай аудандары мен Степногорск қаласыныӊ сән театр студиясыныӊ көрсетiлiмi қойылды. Қолөнер шеберлерi дайындаған көрме көз тартар әсемдiкпен ерекшелендi. Одан әрi көрме ұлттық костюмдер шеруiмен жалғасып, декоративтi-қолданбалы халық шығармашылығы шеберлерiнiӊ және Ақмола облыстық суретшiлердiӊ туындыларымен астасып гала-концертке ұласты. Атаулы шара еӊ үздiк шығармашылық ұжымдар - көкшетаулық домбырашылардыӊ орындауында Құрманғазыныӊ "Адайы" және Зерендi аудандық "Арқа әуендерi" фольклорлық ансамблi, Қорғалжын, Көкшетау халық би ансамбльдерi өнерiмен басталды. әсiресе, "Мираж" халық би ансамблiнiӊ "Тұлпар" биi (Аршалы ауданы) өнер десе iшер асын жерге қояр көрерменiн бiр серпiлтiп тастады. Ерейментаулық "Ақбұлақ" қобызшылар ансамблiнiӊ орындауындағы "Дала дастаны", Көкшетау қаласыныӊ "Арай", Атбасар ауданынан "Родничек" би ұжымы, Еӊбекшiлдер аудандық дуэтi, Целиноградтан "Iнжу-маржан", Бурабайдан "Гауһартас", атбасарлық "Вайнах" би ансамбльдерiне қоса, Сандықтау ауданынан "Реверанс"би ансамблiнiӊ композициясы жұртшылықты тәнтi еттi. Одан әрi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ сөзiне жазылған Төлеген Мұхамеджановтыӊ әнi "Город мой", Степногорск балетi, Целиноград ауданынан бiрнеше республикалық байқаулардыӊ жүлдегерi Мұратбек Хайролда, көкшетаулық Асхат Байтiлеу мен Айнара Бұзаубасова, ерейментаулық Ал-ияр Алдасүгiров, бұландылық Алина Левченконыӊ жеке дауыста шырқаған әндерi жүректi тебiрентпей қоймады. Гала-концерттiӊ соӊы "Қамажай" биiмен көмкерiлiп, сахнаға көтерiлген облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин ризашылыққа толы құттықтау сөзiн жолдады. "Көркемөнерпаздар байқауына қатысушылардыӊ саны жыл сайын көбейiп келедi. Жылма-жыл дәстүрлi түрде өткiзiлетiн бұл ауқымды шара бүгiнгi күнi өнердiӊ еӊ биiк шыӊына жеткендей әсерге бөледi",- дей келе, аймақ басшысы байқауға қатысушыларды марапаттады. Байқауда үздiк шығармашылық жетiстiктерi үшiн Аршалы, Астрахан, Зерендi, Жақсы аудандары компьютер, Бурабай, Ерейментау, Ақкөл аудандары сахналық жарық беру жиынтығымен және дипломдармен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны