23.05.2017, 13:56 2628

Ақмола облысыныӊ әкiмi М. Мырзалин Көкшетау қаласыныӊ тазалығын тағы бір пысықтады

Екi сағатқа созылған қала аралау барысында аймақ басшысы, көркейту көгалдандыру жұмысын жандандыруды, қоқыстарды тазалауды ұдайы назарға ұстап, канализациялық люктарды инвентаризациялау және көше саудасына қатысты жұмысты ретке келтiру мiндеттедi. Сондай-ақ қала әкiмшiлiгiне кәсiпкерлердiӊ өздерiне тиесiлi аулаларды ретке келтiруде бизнеспен бiрлесiп жұмыс жасау жүктелдi.

Көкшетау. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгiн Ақмола облысыныӊ әкiмi, қала әкiмiмен, тұрғын үй шаруашылығы және жергiлiктi полицей қызметiнiӊ басшылығымен облыс орталығындағы көшелердiӊ, ауалалардыӊ тазалығын тағы бiр пысықтады. Аралау кезiнде облыс әкiмi аулалар мен орталық көшелерiндегi тазалық сақталмауын, жеке меншiктегi ғимараттардыӊ келбетi мен санитарлық ахуалды назарға алып бiрқатар ескерту жасады. Исiресе, М. Мырзалиннiӊ назарына гүл отырғызылмаған, ағаш егiлмеген "Евразия банкi" АҚ ауласы iлiндi. Сондай-ақ өӊiр басшысыныӊ көзiне Иуезов көшесi 268 бойындағы қоршалмаған құрылыс нысаныны да iлiктi. Жергiлiктi полицей жұмысын бағалаған облыс әкiмi, қоғамдық тәртiптi сақтау жұмысында белсендiлiктi арттыруды тапсырып, қоршаған ортаға зиянын тигiзетiн бұзақыларды теледидардан көрсету керектiгiн алға тартты.

Екi сағатқа созылған қала аралау барысында аймақ басшысы, көркейту көгалдандыру жұмысын жандандыруды, қоқыстарды тазалауды ұдайы назарға ұстап, канализациялық люктарды инвентаризациялау және көше саудасына қатысты жұмысты ретке келтiру мiндеттедi. Сондай-ақ қала әкiмшiлiгiне кәсiпкерлердiӊ өздерiне тиесiлi аулаларды ретке келтiруде бизнеспен бiрлесiп жұмыс жасау жүктелдi.

Дексек те, М. Мырзалин бұған дейiн жасалған ескертпелердiӊ орындалуын да қарап, оӊтайлы жұмыстар атқарылғанын жоққа шығарған жоқ. Қопа көлiнiӊ жағалауында болған облыс әкiмi, жағажайды ретке келтiру мақсатында жоба әзiрлеудi тапсырды.

Еске сала кетейiк, облыс орталығыныӊ дамуы аймақ басшысыныӊ ұдайы назарында, бұған дейiн М. Мырзалин Васильковский, Центральный мөлтек аудандарын аралап, "Шанхай" мен "Собачий хутор" аталып кеткен аудандардыӊ жағдайымен танысқан болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны