19.05.2017, 16:50 3211

Ақмола облысыныӊ әкімі М. Мырзалин мен "ForteBank" АҚ Басқарма төрағасы М. Иуезов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қойды

Кеӊсеніӊ ашылу салтанаттына қатысқан Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин банк ұжымын осынау қуаныштарымен құттықтады.

Көкшетау. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Көкшетауда "ForteBank" акционерлік қоғамы филиалыныӊ жаӊа кеӊсесі ашылды. Қазіргі заманға сай жабдықталған жаӊа кеӊседе заӊды және жеке тұлғаларға арналған банк қызметініӊ барлық түрі көрсетілмек.

Кеӊсеніӊ ашылу салтанаттына қатысқан Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин банк ұжымын осынау қуаныштарымен құттықтады.

Осы күні облыста аталмыш банктіӊ 30 мыӊға жуық клиенті бар болса, оныӊ 1 мыӊы заӊды тұлғалар. Мамандар аймақтағы алғашқы кеӊсеніӊ ашылуы банк қызметініӊ сапасын жақсартып, өӊірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға өзіндік серпін береді деп отыр.

"Еліміздегі қаржы институттарыныӊ ішінде "ForteBank" акционерлік қоғамыныӊ алар орны ерекше. Сондықтан, ақмолалық кәсіпкерлерімен өзара бірлескен жобалар жасауға банк тарапынан оӊ қадамдар болады деп сенемін. Исіресе, облыстағы өнеркәсіп пен шағын және орта бизнес саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен несиелік жәрдем көрсетуге септігі тиетіні сөзсіз", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Шара барысында аймақ басшысы Мәлік Мырзалин және "ForteBank" акционерлік қоғамы басқармасыныӊ төрағасы Мағжан Иуезов өзара әріптестік туралы екіжақты меморандумға қол қойды. Қазірдіӊ өзінде аталмыш банк облыста 16 млрд. теӊгеніӊ жобаларын қаржыландырды. Сондай-ақ 7 млрд теӊгеге жеке тұлғаларға несие берілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны