12.05.2017, 13:52 2933

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлiк Мырзалин Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлiк Мырзалин Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Аталмыш мұражай ғылыми - зерттеушiлiк, экспозициялық-көрмелiк, жинастырушылық және ағартушылық жұмыстар атқарады. Мұнда 80 мыӊнан астам материалды және рухани мәдениет ескерткiштерi сақталуда.

Көкшетау. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлiк Мырзалин Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

Аталмыш мұражай ғылыми - зерттеушiлiк, экспозициялық-көрмелiк, жинастырушылық және ағартушылық жұмыстар атқарады. Мұнда 80 мыӊнан астам материалды және рухани мәдениет ескерткiштерi сақталуда.

Облыс әкiмi мұнда "Абылай хан залы", "Ежелгi және орта ғасырлар тарихы", бiрнеше бөлiктерге бөлiнген "Қазақ этнографиясы" залын, "Ақмола өлкесiнiӊ ХIХ ғасырдағы тарихы", "ХХ ғасырдағы Көкшетау және Ақмола облысы", "Тәуелсiз Қазақстан" заманауи залы мен өлке табиғаты туралы залдарды тамашалады.

Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығыныӊ басшысы Талгат Ыбыраев аймақ басшысына қайта қалпына келтiру жұмыстарын талап ететiн өӊiрдiӊ негiзгi төрт ескерткiшi туралы айтып бердi. Олар: Үшқарасу III "мұртты" (с усами) қорғаны, Уали хан мазары, Қосбатыр мемориалды кешенi және Балтабай мазары.

"Бiздiӊ орталық 15 жылдан астам уақытта облыс аумағында археологиялық қазбаларды зерттеу жұмыстарын жүргiзiп келедi. Осы уақытта 1800 ескерткiштер зерттелдi, олардыӊ 200-ден астамыныӊ ерекше дәрежесi бар. Мысалыға, Қорғалжын ауданындағы Балтабай мазарындағы кiрпiш құрамынан қой сүтi, жүн, жылқы қылшығы және балшық табылған", - дедi Т.Ыбыраев.

Экскурсия барысында М.Мурзалин кейбiр мұражайлық экспонаттар туралы өзi сұрады. Оныӊ бiрi 2008 жылы Қорғалжын ауданыныӊ аумағынан табылған "Мәнгiлiк Ел" белгiсi бейнеленген тақтайдағы суреттiӊ қалдығы. Мұражай қызметкерiнiӊ айтуынша, экспонат 15 ғасырға тиесiлi, және ол табылған қорым әрi қарай да зерттеудi талап етедi.

Облыс әкiмi мұражай қызметкерлерiмен кездесу барысында Мемлекет басшысы ұсынған "Туған жер" мемлекеттiк бағдарламасыныӊ мәдени нысандар мен тарихи ескерткiштердi қайта қалпына келтiруге көмектесетiнiн айтты. "Отанды сүюдiӊ еӊ үздiк үлгiсi - туған жерiӊнiӊ тарихын зерттеу. Бiздiӊ облыс тарихқа, ерекше тұлғаларға бай. Елбасымыздыӊ қоғамдық сананы жаӊартуда осы құндылықтарға баса көӊiл бөлуi де сондықтан" дедi әкiм.

М.Мырзалин мұражай жұмысына оӊ баға берiп, "ЭКСПО -2017" өтуi барысында мұражайға Щучье-Бурабай курортты аймағына шығып, көшпелi көрме ұйымдастыру туралы ұсынысын айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны