05.07.2017, 16:54 2914

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин Астана күнiне орай өӊір тұрғындарын құттықтады

Бiз Астанамен мақтануға хақылымыз. Оныӊ өткен тарихымен де, бүгiнгi жетiстiктерiмен де көкiрек керiп, мақтанышпен айта аламыз. Алдағы уақытта бұдан да асқақ әрi даӊқты, сәулеттi де дәулеттi болуына шынайы тiлектеспiз

Көкшетау. 5 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин Астана күнiне орай облыс тұрғындарын құттықтады,- деп хабарлайды әкімдік.

Құттықұтауда былай делінген:

"Құрметтi Ақмола облысыныӊ тұрғындары!

Мемлекеттiк мереке - Астана күнiне орай, сiздердi шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасыныӊ Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ алысты болжайтын көрегендiгi және жасампаз күш-қуатыныӊ арқасында Еуразияныӊ нақ ортасында тамаша астана дүниеге келдi. Аз ғана уақыттыӊ iшiнде жасампаз, жарқын уақыттыӊ талабына сай, береке мен бiрлiктiӊ, күш пен қуаттыӊ айнымас айқын бейнесi тәрiздi Елорда тәуелсiз Қазақстанныӊ асқақ мерейiн биiктетуде.

Бүгiнгi Астана әлем елдерiнiӊ тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық саяси-экономикалық пiкiрлер тоғысатын, шешiмдер қабылданатын орталыққа айналды. Астанада "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесiн өткiзу Қазақстанныӊ әлем елдерi арасындағы биiк беделiн, асқақ абыройын көрсетедi. Астана ел дамуыныӊ қуаты мол қозғаушы көзiне айналды. Ұлттыӊ рухани тұрғыдан жаӊғыруына, жаӊаруына себепшi болып отыр. Облысымыз астаналық өлке болғандықтан, Елорданыӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуына айрықша үлес қосып келедi. Қоса да бермек.

Бiз Астанамен мақтануға хақылымыз. Оныӊ өткен тарихымен де, бүгiнгi жетiстiктерiмен де көкiрек керiп, мақтанышпен айта аламыз. Алдағы уақытта бұдан да асқақ әрi даӊқты, сәулеттi де дәулеттi болуына шынайы тiлектеспiз. Осы бiр жарқын мереке күнi сiздердi қызу құттықтай отырып, бiздiӊ сүйiктi Отанымыз - Қазақстан Республикасы мамыражай бейбiтшiлiктiӊ ыстық құшағында берекелi де мерекелi, мерейлi де мәртебелi ел болсын деген жүрекжарды тiлегiмдi бiлдiргiм келедi".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны