19.09.2017, 15:13 4145

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлік Мырзалин Көкшетаудыӊ бiрқатар нысанын аралады

Красный Яр кентiнде аймақ басшысына "Аймақтарды дамыту" бағдарламасы аясында жасалған жұмыстардыӊ барысымен таныстырды. Мұнда көшелерге асфальт төселiп, жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.

Көкшетау. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлік Мырзалин Көкшетаудыӊ бiрқатар нысанын аралады. Еӊ бiрiншi аймақ басшысы "Оқжетпес" футбол клубына қарасты стадионда болып, онда жаӊадан төселген жасанды газон сапасын бағалады. Еске сала кетейiк, биыл жазда стадиондағы футбол төсенiшi кәсiби футбол лигасыныӊ талаптарына сәйкес келмей жергiлiктi футбол командасы өзге алаӊдарда ойнауға мәжбүр болатын. Осы ретте, облыс тұрғындары мен футболистердiӊ өтiнiшiн назарға алып, аймақ басшысы тез арада стадиондағы футбол алаӊын ретке келтiрудi тапсырған болатын. Ендi мiне аталған мәселе толғымен шешiлiп, алдағы ойында "Оқжетпес" командасы өз алаӊында ойнайтын болды.

Бүгiн сонымен қатар, М.Мырзалин Ғабдуллин көшесiнiӊ бойындағы (Иуезов көшесiнен бастау алып, Абылай Хан даӊғылына дейiн 1,522 км) күрделi жөндеу жұмыстарыныӊ барысымен танысты. 4 жолақты қалаiшiлiк магистраль 2018 жылдыӊ қараша айында тапсырылуы тиiс. Қазiргi таӊда мұнда инженерлiк жүйелердi (су, жылу құбырларын) ауыстыру жұмысы жүргiзiлуде. Мұнда облыс әкiмi, жұмыс барысында жергiлiктi құрылыс материалдарын пайдалану қажеттiгiн айтып, сапаға назар аударды.

Красный Яр кентiнде аймақ басшысына "Аймақтарды дамыту" бағдарламасы аясында жасалған жұмыстардыӊ барысымен таныстырды. Мұнда көшелерге асфальт төселiп, жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. Сондай-ақ, қала әкiмi Е. Маржықпаев көктемгi су тасқыны кезiнде шайылып кеткен жаяу жүргiншiлер көпiрiн қалпына келтiру үшiн жобалық сметалық құжат әзiрленiп, келесi жылы толығымен жөнделетiнiн хабардар еттi. Облыс әкiмi атқарылған жұмыстардыӊ барысымен танысып, қалпына келтiрiлiрген көшелерде жол белгiлерiн қоюды назарға алып, қаладағы көпқабатты үйлердiӊ мекен-жай тақтайшаларын орнату үшiн сараптама жүргiзiп ретке келтiруде мiндеттедi.

"Красный Яр қалаға қарасты мөлтек аудан, сондықтан оныӊ жалпы келбетi облыс орталығына сәйкес болуы керек",-дедi М. Мырзалин. Аймақ басшысы №3 көпсалалы мектеп гимназиясында, 140 орындық "Мансұр" бала-бақшасында және жылу беру орталығында да болды.

Сондай-ақ Красный Ярда облыс әкiмi мемелкеттiк жеке-серiктестiк негiзiнде бос қалған көпқабатты үйлердi қалпына келтiру жұмысымен де танысты. Биыл мұнда 96 пәтер яғни үш көпқабатты үй тапсырылмақ.

М. Мырзалин картоптыӊ егiс алқабында да болды.Биыл "Агротрейд Кокше" ЖШС 300 гектарға картоп егiп, гектарынан 300 центнер өнiм алуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны