13.07.2017, 19:26 2898

Ақмола облысыныӊ әкiмi облыстық білім беру басқармасыныӊ басшысы Б. Ізбасароваға алғыс білдірді

М. Мырзалин аппарат кеӊесiн өткiзiп, онда облыстық бiлiм беру басқармасыныӊ басшысы Б. Iзбасарованыӊ құрметтi демалысқа шығуына орай "Алғыс хат" табыстап, бiрлесiп жұмыс iстеген уақытқа барлық әрiптестерiнiӊ атынан шынайы алғысын бiлдiрдi.

Көкшетау. 13 шілде. Kazakhstan today - Бүгiн облыс әкiмi М. Мырзалин аппарат кеӊесiн өткiзiп, онда облыстық бiлiм беру басқармасыныӊ басшысы Б. Iзбасарованыӊ құрметтi демалысқа шығуына орай "Алғыс хат" табыстап, бiрлесiп жұмыс iстеген уақытқа барлық әрiптестерiнiӊ атынан шынайы алғысын бiлдiрдi.

Өз сөзiнде Мәлiк Мырзалин, Балым Сәбетқызыныӊ барлық қызмет жолын Ақмола облысына арнап, жас ұрпақ пен аймақтыӊ бiлiм беру жүйесiнiӊ дамуына өзiндiк үлес қосқанын атап айтты.

Б. Iзбасарова 1983 жылы С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын тәмәмдаған соӊ, комсомол комтиетiнде хатшылық қызметте еӊбек жолын бастаған. Мұнан кейiн 34 жыл бойы мемлекеттiк қызметте жұмыс iстеген.

Ир жылдары Атбасар, Сандықтау, Бұланды, Целиноград аудандарында бiлiм беру бөлмiнiӊ меӊгерушiсi, аудан әкiмдерiнiӊ әлеуметтiк сала бойынша орынбасары болды. 2013 жылдан бастап, бүгiнге дейiн облыстық бiлiм беру басқармасыныӊ басшысы лауазымын атқарды.

Көпжылдық жұмыс өтiлiнде Б. Iзбасарова "Ерен еӊбегi үшiн" медалiмен, "Бiлiм беру саласыныӊ үздiгi" төс белгiсмен және мерекелiк медальдармен марапатталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны