15.05.2017, 17:42 4388

Ақмола облысыныӊ әкімі Щучье-Бурабай дауажай аймағындағы "ЭКСПО-2017" көрмесіне дайындық барысына тексеріс ұйымдастырды

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин Щучье-Бурабай дауажай аймағында "ЭКСПО-2017" Халықаралық арнайы мамандандырылған көрмесі қонақтары мен қатысушыларын күтіп алу шарасына дайындық барысына күтпеген жерден тексеріс ұйымдастырды, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Көкшетау. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин Щучье-Бурабай дауажай аймағында "ЭКСПО-2017" Халықаралық арнайы мамандандырылған көрмесі қонақтары мен қатысушыларын күтіп алу шарасына дайындық барысына күтпеген жерден тексеріс ұйымдастырды, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Өӊір басшысы Абылай хан алаӊын, жағажай аумағын, орталық базар және басқа да халық көп жиналатын орындарды тексерді. Сапар қорытындысы бойынша өӊір басшысы бірқатар сын-пікірлер айтып, көркейту, санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді қысқа мерзімде шешуді тапсырды.

"Астананыӊ іргесіндегі өӊір ретінде ақмолалықтар халықаралық көрмені ұйымдастыруға және өткізуге белсене атсалысуға тиіс. Біз шетелдік қонақтарды лайықты түрде қарсы алып, қызмет көрсетудіӊ жоғарғы деӊгейін паш етуге тиіспіз",- деді өӊір басшысы.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында туристерді қарсы алу үшін Щучье-Бурабай дауажай аймағында және Қорғалжыӊ қорығында 30-дан астам бағытты қамтитын 7 турпакет әзірленген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны