21.07.2017, 22:50 4113

Ақмола облысыныӊ әкімі Социалистік Еӊбек Ері Ибрагим Жанғоразовқа Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ құттықтау хатын табыс етті

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ Аршалы ауданына кезекті жұмыс сапары ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ құттықтау хатын "Ижевский" өндірістік кооперативініӊ басқарма басшысы, Социалистік Еӊбек Ері Ибрагим Жанғоразовқа табыс етуден басталды.

Көкшетау. 21 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ Аршалы ауданына кезекті жұмыс сапары ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ құттықтау хатын "Ижевский" өндірістік кооперативініӊ басқарма басшысы, Социалистік Еӊбек Ері Ибрагим Жанғоразовқа табыс етуден басталды.

Сөз арасында атақ-даӊқы алысқа кеткен ақсақалдыӊ таяуда сексен жасқа толғандығын айта кеткен жөн. Туған өлкесін түлетуге, өӊірдіӊ ғана емес, еліміздіӊ әлеуметтік- экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан, еӊбек үшін жаралған ғажайып адам.

Жергілікті мәдениет үйініӊ ат шаптырым кеӊ залы ине шаншатын орын қалмай, аузы-мұрнынан шығып лық толды. Дархандығына орай досы, ниеттестері мен пікірлестері көп, әріптестері қаулап өсіп жетілген, ет жақын ағайын-туысы да аз емес. Солардыӊ әрқайсысы сексенніӊ сеӊгіріне табан тіреген дархан даланыӊ дарабозыныӊ құрыштай қуатты қолын қысып, құттықтауға асығулы. Өздерініӊ көпті көрген ұстазына ыстық ілтипат пен құрмет көрсетсек деп шәкірттері де жүр.

"Сіздіӊ өнегелі өміріӊіз бен жемісті еӊбегіӊіз, әр іске жан-тәніӊізбен беріл гендігіӊіз тәрізді тамаша қасиеттеріӊіз кейінгіге жарқын мысал. Сіз басқарған кооператив мал, құс және дәнді дақылдар өнімдерін өӊдеудегі қол жеткізген жоғары көрсеткіштерімен барша қазақстандықтарды әрдайым қуантады,- деп облыс әкімі Елбасыныӊ құттықтау хатында жазылған ыстық ықыласқа толы жолдарды оқи келе, мерейлі мерейтойдыӊ иесіне Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Жылдар мен ойлар" кітабын табыс етті.

Өз-өзін өте қарапайым ұстайтын мерейтой иесі "Достық", "Парасат", "Отан" ордендерініӊ иегері, мемлекетке және қоғамға сіӊірген ерекше еӊбегі үшін көптеген марапаттарға ие болған адам. -Мен әрдайым жақсы жұмыс істеуге тырыстым,-деді ол ел Президентініӊ ескергеніне өз ризашылығын білдіре отырып , - тапсырылған әр іске жауапкершілікпен қарадым. Ирине, күрмеуі қиын кезеӊдер де кезікті. Ийтсе де біз алға ұмтылдық. Өз сөзінде ол табысқа жетуініӊ сыры тастүйін ұжымыныӊ тегеуріні екендігін де айта кетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны