01.06.2017, 18:36 2826

Ақмола облысыныӊ әкімі тасқын судан зардап шеккен отбасылар балаларына жазғы лагерьге тегін жолдама берді

Ақмола облысыныӊ әкімі тасқын судан зардап шеккен отбасылар балаларына жазғы лагерьге тегін жолдама берді

Көкшетау. 1 маусым. Kazakhstan Today - Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күнi жұмыс сапарымен Атбасар қаласында болып, көктемгi су тасқынынан зардап шеккен отбасылардағы балалардыӊ жазғы лагерьге демалуы үшiн "Discovery Borovoe" сауықтыру орталығына 50 жолдаманы салтанатты түрде тапсырды.

Тұрғындармен кездескен аймақ басшысы облыста көктемгi су тасқыныныӊ зардаптарын жою және инфрақұрылым мен әлеуметтiк нысандарды қалпына келтiру бағытында тиiстi шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өттi. "Биылғы көктем бiз үшiн үлкен сынақ болды. Су тасқынынан Атбасар қаласы көп зардап шектi. Мұнда 644 тұрғын үй суда қалса, оныӊ бiразы жарамсыз деп танылды. Оған қоса, мектеп, балалардыӊ сауықтыру лагерi және көлiктiк коммуникациясына залал келдi. Табиғат апатыныӊ зардаптарын жою үшiн облыстық бюджеттен 660,6 миллион теӊге қаржы бөлiндi", дедi М.Мырзалин. Осы күнi аймақ басшысы салтанатты түрде су тасқыны кезiнде ағын суға батқан мектеп автобусындағы балаларды құтқаруға қатысқан аудан тұрғындарына ҚР IIМ "Құтқару операциясына белсендi қатысқаны үшiн", 3-шi дәрежелi "Құтқарушы" төсбелгiлерi мен облыс әкiмiнiӊ Алғыс хатын тапсырды. Ағымдағы жылдыӊ 16 сәуiрiнде "Атбасар-Көкшетау" тасжолында балалар мiнген мектеп автобусын тасқын су жолдан шығарып жiберген болатын. Осы құтқару операциясына қатысқандардыӊ барлығы марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны