18.03.2011, 14:39 3846

Ақмола облысының Ақкөл аудандық ауруханасының дәрігері 11 жасар қызды зорлады деп айыпталуда

Ақмола облысының Ақкөл аудандық ауруханасының дәрігері 11 жасар қызды зорлады деп айыпталуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Көкшетау. 18 - наурыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысының Ақкөл аудандық ауруханасының дәрігері 11 жасар қызды зорлады деп айыпталуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Ақкөл ауданының АІІБ-ге 15 наурызда жергілікті тұрғын 2000 жылы туылған қызына нәпсiқұмарлық сипатындағы әрекеттер жасады деп шағым түсірген.

Арызданушының айтуынша, ол ауруханада медбике болып жұмыс істейді. Сол күні әйел қызын дәрігерлер бөлмесіне қалдырған. Ол болмаған кезде бөлмеге емделіп жатқан дәрігер кірген, әйелдің айтуынша оның қызына қатысты нәпсiқұмарлық сипатындағы әрекеттер жасаған.

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Дәрігерден қаладан шықпау жөнінде қолхаты алынған. Соттық-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны