08.05.2018, 21:14 3625

Ақмола облысыныӊ ауданында өрт-тактикалық жаттығулары өтті

Тактикалық тапсырмаларды жүзеге асыру барысында қарауыл мен бөлімшелердіӊ өрт сөндіру және адамдарды құтқаруда жігерлік пен тапқырлық танытып, жеке құрамныӊ моральды-еркіндігін, психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруға бас назар аударылады.

Алматы. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Жарқайыӊ ауданыныӊ "Универмаг" сауда үй ғимаратында жоспардан тыс өрт-тактикалык жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныӊ, Ішкі істер министрлігініӊ тапсырмасына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы сауда объектілерініӊ, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерініӊ, білім беру объектілерін тексеріс жүргізу туралы шешіміне сәйкес Державинск қаласындағы "Универмаг" сауда үйі ғимаратында Жарқайыӊ ауданында жоспардан тыс өрт-техникалық тексеру ұйымдастырылды.

Тексеру аяқталғаннан кейін Державинск қаласы 12-ӨСБ қызметкерлері сауда үйі ғимаратында қоғамдық тәртіпті сақтау, медициналық көмек көрсету және авариялық-қалпына келтіру бригадалары қызметтерін тарта отырып "Сауда объектілерінде өрт сөндіру" тақырыбына өрт-тактикалык жаттығуларын өткізді. Өрт-тактикалық жаттығулары бөлімшеніӊ нақты объектілерінде жауынгерлік әрекетті іске асырудыӊ еӊ негізгі тапсырмасы болып табылады. Тактикалық тапсырмаларды жүзеге асыру барысында қарауыл мен бөлімшелердіӊ өрт сөндіру және адамдарды құтқаруда жігерлік пен тапқырлық танытып, жеке құрамныӊ моральды-еркіндігін, психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруға бас назар аударылады.

Келісілген тактикалық шешімге сай, өрт еӊ күрделі учаскелерінде шартты таӊдалып жеке құрамныӊ өрт ошағына кірудегі ұзақ жол кезінде іскерліктерін тексеру үшін таӊдалды. Жеке құрамныӊ алдында сыртқы белгілері бойынша өрттіӊ жағдайын байқау, нысанныӊ өзара іс-қимылын, өртке барлау жүргізу, жауынгерлік іс-қимылдыӊ шешуші бағытын анықтау, құралдарды таӊдау, өрт сөндіру тәсілдерін оӊтайлы жағдайын игеру, бөлімніӊ тактикалық мүмкіндіктерін қолдануын, өрттіӊ қай жерден орын алғанын және тауарлы-материалдық құндылықтарын сақтау сияқты тапсырмалар тұрды.

Бұдан әрі шартты өртті сөндіргеннен кейін, Жарқайыӊ ауданыныӊ төтенше жағдайлр бөлімі қызметкерлерімен өрттіӊ алдын-алу мақсатында "Адамдар жаппай жиналатын нысандарда өрт туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер туралы", "еӊ жақын эвакуациялық шығуына бағытталған ғимараттан эвакуациялану" және "бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері" тақырыптарында профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

Атқарылған іс бойынша қорытындыға келгенде, Державинск қаласындағы 12-ӨСБ жеке құрамы берілген тапсырмаларды орындап шықты. Сауда үйлерініӊ әкімшіліктері бірлескен жұмыс үшін өрт сөндірушілерге өз алғыстарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны