04.10.2017, 18:00 4871

Ақмола облысыныӊ Еӊбекшілдер ауылындағы орта мектептіӊ мұғалімі химия пәнін ағылшынша оқытуда

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде химия пәні мұғалімі мамандығын алып шыққан. Шет тілін жақсы меӊгерген. Жақында аталмыш университетте арнайы ұйымдастырылған жаратылыстану бағытындағы пәндерді шет тілінде оқытуға арналған екі айлық курста оқып, біліктілігін шыӊдап қайтты.

Көкшетау. 4 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Еӊбекшілдер ауылындағы орта мектептіӊ мұғалімі Қарлығаш Шамшиева химия пәнін ағылшынша оқытып жүр.

Осындай ауыр пәнді Қарлығаш өзініӊ ана тілінде ғана емес, ағылшынша да оқытып жүр.

"Қазіргі заманныӊ балалары нені болса да тез қабылдайды. Олар техниканыӊ, Интернеттіӊ тілін бесіктен белдері шықпай жатып, үйренеді. Өздеріӊіздіӊ кішкентай балаларыӊызды немесе немерелеріӊізді қарасаӊыздаршы, қолдарына бір-бір смартфон, планшет ұстап алып, оныӊ құлағында ойнайды. Олар барлығын тез ұғады. Сол сияқты пәнді шет тілінде үйренуден қорқудыӊ қажеті жоқ. Қазір біздер үш тілде еркін сөйлейміз. Бұл балаларға болашақта шет мемлекеттердіӊ жоғары оқу орындарына барып, білім алуларына да жол ашады", - дейді жаӊашыл ұстаз.

Облыстыӊ қай ауданына барсақ та, химия пәні бойынша сабақ беретін мұғалімдердіӊ жетіспеушілігі, жақын орналасқан екі ауылға бір мұғалім ғана бөлінетін жағдайларды білеміз. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын Еӊбекшілдер ауданыныӊ Невский және Андығожа батыр ауылдарыныӊ орта мектептерінде осы пәннен Қарлығаш Төлегенқызы сабақ берген. Мектеп бағдарламасында химия пәнініӊ сағаты аз. Ол 8-10 сыныптар арасында ғана оқытылып, 8-9 сағаттан аспайды.

"2014-2015 оқу жылында Донской орта мектебінде химия пәнінен сабақ бердім. Сағат саны аз болғандықтан, мектеп директоры қосымша үйірмелерді қосып, бір ставкаға жеткізіп берді. Жаӊа жылдан кейін осы аудандағы Невский орта мектебініӊ директоры Көпжасар Тәшенұлы аптасына бір күн келіп, химиядан оқушыларға сабақ беріп кетуімді өтінді. Кей кездері екі ауылдыӊ арасындағы жол қарлы бораннан кейін жабылып қалатын. Соған қарамастан, мектептіӊ директоры бір амалын тауып, мені ауылдан алып кетіп жүрді. Кейін Еӊбекшілдер ауылыныӊ бір азаматына тұрмысқа шықтым. Екі мектептіӊ директорлары маған химия пәні мұғалімін табу қиын екендігін, жастардыӊ ауылға келгілері келмейтіндіктерін айтып, меніӊ жұмыс істеуімді қолқалады. Бірақ, отбасылы болған соӊ, еріӊніӊ де абыройын ойлау керек. Сөйтіп, мен Еӊбекшілдер ауылыныӊ орта мектебіне жұмысқа орналастым. Онда да химия пәнін оқытатын ұстаз жоқ екен, мектептіӊ директоры Үміт Мұхамадиқызы мені қуана-қуана қарсы алды. Мұнда да химия пәнініӊ сағаты аз болып, қосымша вариативті сабақтармен толықтырды", - дейді Қарлығаш Шамшиева.

Қарлығаш Шамшиева Еӊбекшілдер ауданыныӊ Аӊғал батыр ауылында, қарапайым отбасында дүниеге келген. Бес баланыӊ кенжесі. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде химия пәні мұғалімі мамандығын алып шыққан. Шет тілін жақсы меӊгерген. Жақында аталмыш университетте арнайы ұйымдастырылған жаратылыстану бағытындағы пәндерді шет тілінде оқытуға арналған екі айлық курста оқып, біліктілігін шыӊдап қайтты.

"Жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде беру тәжірибесі былтырғы оқу жылында енгізілген еді. Барша жұрт үрке қарап, не болады дедік. Қазақта "көз қорқақ, қол батыр" демей ме. Ағылшын тілі пәні мұғалімі екеуіміз бірлесіп терминдерді аударып, оқушыларға жиі кездесетін сөздерді жаттатып, үйреттік. Жаз айларында облыс орталығында үйренген тәжірибеммен аудандағы әріптестеріммен бөлісіп тұрамын",-дейді ұстаз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны