14.08.2017, 16:00 4117

Ақмола облысыныӊ Ерейментау ауданындағы Құмай ескерткiш кешенi "Туған жер" бағдарламасы шеӊберiнде елiмiздiӊ киелi жерлерi географиясы тiзбесiне енгiзiлмек

Ақмола өӊiрi тарихи орындар мен ескерткiштерге өте бай. Мәселен, Абылай хан отыз жылдан астам уақыт ордасын тiккен Ханныӊ Қызылағашы, Зерендi ауданы Қазақстан ауылыныӊ маӊындағы Уәли ханныӊ мазары, Бурабайдағы Кенесары үӊгiрi - бұлардыӊ бәрi киелi жерлер тiзiмiне енгiзiлуге лайықты нысандар екенi анық.

Көкшетау. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Ерейментау ауданындағы Құмай ескерткiш кешенi "Туған жер" бағдарламасы шеӊберiнде елiмiздiӊ киелi жерлерi географиясы тiзбесiне енгiзiлуi мүмкiн. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiӊ ауданға жұмыс сапары барысында айтылды. Ерейментау ауданыныӊ аумағынан 2009 жылы ашылған Құмай кешенi екi мыӊ жылдық тарихы бар ежелгi ескерткiш болып табылады. Қазiргi кезде ескерткiш кешенi аумағыныӊ картасы жасалып, көптеген құнды деректер табылуда. Мұнда ежелгi заманда өмiр сүрген көшпелi түркi тайпалары көсемiнiӊ жерленген зираты бар.

Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану орталығыныӊ директоры Қуаныш Шақшақовтыӊ айтуынша, Құмай кешенi аумағында адам санасына әсер ететiн күштi энергетикалық аймақ та бар көрiнедi. "Қазақтардыӊ ертеде әулиелердiӊ мазарларын жағалап, медет тiлеулерiнiӊ бiр себебi де осында болса керек. Осы аумақта энергетикалық өрiс барын тарих ғылымдарыныӊ докторы Айман Досымбаева да растайды", - дейдi орталық директоры.

Осыған орайда, Құмай ескерткiш кешенiн елiмiздiӊ киелi жерлерi географиясы тiзбесiне енгiзу мәселесi қарастырылуда. Бұл туралы аймақ басшысына тарих ғылымдарыныӊ докторы Айман Досымбаева жан-жақты түсiндiрiп айтып бердi. "Ланшафтық, археологиялық және этнографиялық Кұмай паркiн ашу Қазақстан аумағындағы көне және орта ғасырлардағы мәдени мұраларды жақын тануға мүмкiндiк бередi", - деп атап өттi Айман Досымбаева.

Айта кетейiк, Ақмола өӊiрi тарихи орындар мен ескерткiштерге өте бай. Мәселен, Абылай хан отыз жылдан астам уақыт ордасын тiккен Ханныӊ Қызылағашы, Зерендi ауданы Қазақстан ауылыныӊ маӊындағы Уәли ханныӊ мазары, Бурабайдағы Кенесары үӊгiрi - бұлардыӊ бәрi киелi жерлер тiзiмiне енгiзiлуге лайықты нысандар екенi анық. Сонымен бiрге, Еӊбекшiлдер ауданындағы Бiржан сал зираты мемориалдық кешенi, Қорғалжын ауданындағы Батығай кесенесi, қазақ хандығыныӊ негiзiн қалаушы Жәнiбек сұлтанныӊ құрметiне арнап салынған Жәнiбек Шалқар мазары, Аршалы ауданындағы ақын, сазгер Иманжүсiп Құтпанұлыныӊ есiмiне қатысты тарихи орындар, Бұланды ауданындағы Балуан Шолақ зиратыныӊ мемориалдық стелласы сияқты жұртшылыққа танымал орындар облыс аумағында аз емес.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны