03.08.2017, 20:28 4452

Ақмола облысыныӊ Қазақстан ауылында "Туған жер" бағдарламасы аясында Уәли хан ескерткіші абаттандырылуда

Аталмыш мазар 2008 жылы Уәли ханныӊ 270 жылдығына орай тұрғызылған. Ескерткіш қызыл кірпіштен төрт бұрышты етіп қаланған. Төбесіне күмбез орнатылған. Ескерткіштіӊ жалпы аумағы 1920 шаршы метр, қабырғаларыныӊ биіктігі 8 метрді құрайды. Мұндағы бір ерекшелік ол Уәли ханныӊ өзге қазақ хандары сияқты Түркістанда емес, туған жерінде жерленуі болып отыр.

Көкшетау. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Қазақстан ауылында "Туған жер" бағдарламасы аясында Уәли хан ескерткіші абаттандырылуда. Бұл аталмыш бағдарлама аясында абаттандырылып жатқан алғашқы ескерткіш.

Қазақстан ауылыныӊ оӊтүстік-шығыс жақ тұсында орналасқан тарихи ескерткіш кәсіпкердіӊ демеушілік көмегімен абаттандырылуда.

Аталмыш мазар 2008 жылы Уәли ханныӊ 270 жылдығына орай тұрғызылған. Ескерткіш қызыл кірпіштен төрт бұрышты етіп қаланған. Төбесіне күмбез орнатылған. Ескерткіштіӊ жалпы аумағы 1920 шаршы метр, қабырғаларыныӊ биіктігі 8 метрді құрайды. Мұндағы бір ерекшелік ол Уәли ханныӊ өзге қазақ хандары сияқты Түркістанда емес, туған жерінде жерленуі болып отыр.

"Елбасы мақаласында көтерілген Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ тізімін жасау жобасы қазіргі күні еліміздіӊ барлық өӊірлерінде қолға алынып, осы бағытта нақты жұмыстар атқарылуда. Оныӊ ішінде халық үшін киелі орын болып саналатын және ел тарихында елеулі орын алатын жәдігерлерді анықтап, солар жайында жан-жақты мәліметтер жинау, жұртшылыққа оны кеӊінен таныстыру бар. Уәли ханныӊ мазарын абаттандыру да сол ауқымды шаралардыӊ басы ғана. Алдағы уақытта өзге де тарихи тұлғалардыӊ зиратын қалпына келтіретін боламыз",- деп атап өтті облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы директорыныӊ міндетін атқарушы Қуаныш Шақшақов.

Ескерткіштіӊ жаӊғырту жұмыстарына Борис Козлов басқаратын "Азия-Агрохим" серіктестігі демеушілік көмек ретінде 6,5 миллион теӊге қаржы бөлгенін айта кеткен ләзім. Бұл қаржыға ескерткіштіӊ аумағы қоршалып, бедер тастар төселуде. Сонымен қатар, орындықтар орнатылып, ағаш көшеттерін отырғызу жоспарда бар.

Сондай-ақ, бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Зеренді ауылында ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған "Искорка" балаларды сауықтыру орталығы жаӊғыртылуда.

Аудандық білім бөлімініӊ басшысы Жангелді Уәйісовтыӊ айтуына қарағанда, 15 жылдай жұмыс істемей тұрған балалардыӊ сауықтыру орталығы қайта жаӊғыртуды қажет етеді. Осы мақсатта білім бөлімі тарапынан күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген.

- Сауықтыру орталығын қайта жаӊғыртуды ой- ластырып отырмыз. Күрделі жөндеу жұмыстарына қанша қаржы қажет екенін дәл қазір дөп басып айта алмаймыз. Дегенмен, өз тарапымыздан тиісті жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп қойдық. Егер бюджеттен қаржы бөлініп жатса, жөндеу жұмыстарын бастап кетуге дайын- быз. Бұл аудандағы әкімдіктіӊ балансында тұрған балалардыӊ демалып, сауығатын жалғыз орталығы. Мұнда бір ауысымда 70 бала демалуына болады,- деді Жангелді Уәйісов. Қазіргі кезде Зеренді ауданында "Сұӊқар", "Мәлік Ғабдуллин" атындағы және "Барыс" тәрізді үш демалыс лагері жұмыс істейді. Ал, Кеӊес Одағыныӊ Батыры Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектептіӊ ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл білім ордасыныӊ іргесі 1973 жылы қаланған. Жарты ғасырға жуық тарихы бар ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары қажет болатын. Тіпті, соӊғы жылдары мектептіӊ төбесінен су сорғалап ағып, оқушылардыӊ білім алуына қиыншылық туғызды. Осыған орай облыс басшылығы мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 300 миллион теӊгеден астам қаржы бөлгізді. Оныӊ 150 миллион теӊгесі биылғы жылға қарастырылған. Мектептіӊ шатыры, есік, терезелері және едені ауыстырылуда. Қалған қаржыға келер жылы жаӊа спортзалдыӊ құрылысы мен білім ордасыныӊ маӊын абаттандыру шаралары қолға алынбақ. Құрылыс жұмыстарын мердігер "Еӊбек-Көкшетау" серіктестігі жүргізуде. Аталмыш мектепте 300-ден астам бала білім алуда. Оныӊ 66-ы Қарсақ, Қызыл Кардон, Бәйтерек, Үлгілі және Тройцк сияқты жақын маӊдағы ауылдардан тасымалданып оқиды. Сонымен қатар, өткен жылдыӊ күзінде өртенген Дөӊгілағаш негізгі мектебі де қалпына келтірілуде. Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпып, білім ордасыныӊ шатыры жанып кетті. Сол кезде оқушыларды амалсыздан бос тұрған тұрғын үйдіӊ бірінде оқытуға тура келді. Осы күні аталған білім ордасына облыстық бюджеттен 34,3 миллион теӊге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған.

- Жөндеу жұмыстарын тамыз айыныӊ соӊында дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күнге дейін ғимараттыӊ шатыры мен терезелері ауы- стырылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жаӊа оқу жылында ауылдағы 50 бала осы мек- тепте оқитын болады, - деді Қонысбай ауылдық округініӊ әкімі Серік Сабыров.

Осы ауылдағы мәдениет үйіне де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 12 миллион теӊгеден астам қаржы бөлінген. Жөндеу жұмыстары бірер аптада аяқталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны