18.09.2017, 16:16 4217

Ақмола облысыныӊ қоғамдық өкілдері латын әліпбиіне көшуді қолдайтындарын білдірді

Ақмола облысыныӊ қоғамдық өкілдері латын әліпбиіне көшуді қолдайтындарын білдірді."Көкшетау" мәдениет сарайында өткен шараға ғылыми және шығармашылық интеллегенция, этномәдени және қоғамдық бiрлестiк өкiлдерi, депутаттар корпусы және жастардан құралған 400-ден астам адам қатысты.

Көкшетау. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ қоғамдық өкілдері латын әліпбиіне көшуді қолдайтындарын білдірді."Көкшетау" мәдениет сарайында өткен шараға ғылыми және шығармашылық интеллегенция, этномәдени және қоғамдық бiрлестiк өкiлдерi, депутаттар корпусы және жастардан құралған 400-ден астам адам қатысты. Шарада аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин сөз сөйлеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасында латын әлiпбиiне көшу туралы маӊызды тапсырма бергенiн атап өттi. "Осы жүктелiп отырған жауапкершiлiктi сезiне отырып, баршамызға ортақ iс, яғни, латын графикасына көшудi жүзеге асыру жолында Сiздердiӊ пiкiрлерiӊiз бен ұсыныстарыӊызды бiлу үшiн жиналып отырмыз", дедi Мәлiк Мырзалин. Ақмола жұртшылығы латын әлiпбиiне көшудi қолдайтындарын бiлдiрдi.

Форумда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiӊ тарих ғылымдарыныӊ докторы Марал Хабдулина, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiӊ филилология ғылымдарыныӊ докторы Белгiбай Шалабаев, Ольга Анищенко, педагогика ғылымдарыныӊ кандидаты Наталья Жұмағұлова, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясыныӊ мүшесi Наталья Дементьева баяндама жасады.

Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжiнiӊ директоры Нұртас Ахат латын жазуына көшу бұл уақыт талабы екенiн атап өттi. "Латын әлiпбиiне көшу уақыт талабы және ғылым мен техниканыӊ қазiргi заманғы жетiстiктерiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi...", дедi Нұртас Ахат.

Ал, жазушы-аудармашы Ғосман Төлеғұл аталмыш реформа бiздiӊ халқымыз үшiн тарихи маӊызы зор қадам болып отырғаны туралы тұщымды ойымен бөлiстi. "Қоғамдық сананы жаӊғыртуда ұлттыӊ рухани жағынан дамуы үшiн осындай қадамға бару ауадай қажет. Қазақстанныӊ ширек ғасырда жеткен жетiстiктерiн ескерсек, бiздер бұл асуды да қиналмай алатынымыз күмәнсiз", - дедi Ғосман Төлеғұл. Жалпы, формуға қатысушылар өз ой-пiкiрлерiн айта келе, бiрауыздан латын әлiпбиiне көшудi қолдайтындықтарын жеткiздi. "Латын әлiпбиiне ауысу бұл Қазақстанныӊ дүниежүзi қауымдастығына жақындай түсетiнiн бiлдiредi. Дүниежүзi елдерiнiӊ көбi осы латын жазуын қолданады. Келешек ұрпақ латын жазуымен қазақ тiлiн оқи отыра, ағылшын тiлiн де тез меӊгерiп кетедi. Шетелдiктерге де қазақ тiлi мен әлiпбиiн меӊгеруге жеӊiл болатыны сөзсiз. Бұл Қазақстанныӊ ғаламдық ақпарат кеӊiстiгiндегi үдерiсi, бiздiӊ барлық сандық ресурстар мен мәдени мұрамыз латын әлiпбиiн қолданатын елдер мен халықтарға қолжетiмдi болар едi",- деп көрсетiлген Ақмола жұртшылығыныӊ үндеуiнде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны